Ауа райы
Мерекелер

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғындары ауылдарындағы өкпе ауруына қарсы диспансердің ел-жұрт қоныстанған жерден алысқа көшірілгенін қалайды. Өйткені тұрғындар мұнда емделіп жатқан науқастар аурухана сыртында жүреді, тіпті сол маңдағы дүкендерге барып сауда жасайды дейді. Сондықтан көпшілік науқастардан ауру жұқтырып аламыз ба деп қорқады.

 

Тасбөгет ауылында орналасқан өкпе ауруына қарсы диспансерде ем қабылдап жатқандардың көпшілігі туберкулездің ашық түріне шалдыққандар. Тұрғындар науқастар күнде кешкі уақытта көшеге шығып, серуендеп жүреді дейді. Тіпті беттеріне медициналық бетперде киместен дүкендерге барып, сауда жасайтындарын айтады. Ал ауа арқылы тарайтын бұл дертке шалдыққандардың мұндай әрекеттері бізге зиянын тигізе ме деп қорқамыз дейді тұрғындар.

 

Әбілда Оспанов,Тұрғын:

- Магазиннен сауда істейді. Сауда істегенде бәрін енді қуып жібермейміз ғой сен туберкулезсің деп. Сондықтан осындай мәселені шешу керек қой. Мына туберкулез больницаны елден бөлек алу керек, балаларға зиян болады.

 

Жанар Уәкелбекова, Тұрғын:

-Біреуі маска киіп шығады,біреуі маска кимейді. Прогулка жасайды ма. Магазинге келеді көпшілік сауда жасайтын орынға. Одан қалды әрі қарай дарияның арғы бетіне прогулка жасайды.

 

Тұрғындардың шағымына жауап алу үшін аурухананың басшыларына кіріп көргіміз келді. Алайда қызметкерлер ауруханаға кіруге бізге рұқсат етпеді.

 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары бұл аурухананы үнемі бақылауларында ұстайтындарын айтады.

 

Нұржамал Мырзағалиева,Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

-Сыртқы есіктері жабық. Науқастар сыртта жүрген жоқ.

 

АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, Тілші:

Бұл ауруханада жұқпалы дертпен ауыратындар жатқандықтан сырттан келген бөтен адамға кіруге рұқсат жоқ. Ал тұрғындар науқастардың аурухана сыртында емін-еркін жүргендері бізді алаңдатады деп отыр. Сондықтан олар өкпе дертіне қарсы диспансерді жуық арада қаладан шалғай жерге көшірсе екен дейді

 

Абай Нұржанұлы,Рақымжан Ысқақов

- See more at: http://31.kz/video/show/id/12833/show/ib#sthash.osWf4CY2.dpuf