Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

ҚР ДСжӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің түсінігіҚР ДСжӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің 17.05.2016 жылдың №23-5/668 хатына сәйкес медициналық қызметкерлерге түсінік беріледі.

ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды cертификаттауды жүргізу қағидалары» бұйрығының 6 тармағына сәйкес маман сертификатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің тиісті аумақтық Департаменттер береді.

Сонымен қатар колледждердің, жоғарғы оқу орындарының түлектері және жұмыссыз жүрген медициналық мамандар Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің кез келген департаменттеріне жүгінуге құқылы.



На основании письма от 17.05.2016года №23-5/668 Комитет контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в связи с поступающими обращениями от медицинских работников разъясняет следующее:

Выдачасертификата специалиста для допуска к клинической практике проводится в соответствии пункта 6 приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 693 «Об утверждении Правил проведения сертификации специалистов в области здравоохранения», сертификат выдается соответствующим территориальным подразделением Комитета контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан по месту работы и обращения медицинского работника.

А так же, выпускник колледжа, ВУЗа, либо не работающий медицинский работник вправе обратиться в любой департамент Комитета.

 

Америкада алғаш рет антибиотиктерге төзімді бактерия анықталдыАСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та белгілі антибиотиктердің ешқайсысымен емдеуге келмейтін бактериялық инфекция алғаш рет тіркелді, деп хабарлады Рэйтер агенттігі.

«Супербактерия» сәуірдің соңында несеп жүйесінің инфекциясына шағымданып келген Пенсильвания штатындағы 49 жастағы әйелден табылған.

Бактерияны зерттеген ғалымдар оның mcr-1 генін таратқан ДНК бөлігі - плазмидтің әсеріне ұшырағанын анықтады.

Қазіргі кезде ғалымдар mcr-1 генінің АҚШ-та қаншалықты тарағанын анықтау мақсатымен зерттеулерін жалғастыруда.

Ең соңғы антибиотик колистин әсер етпейтін бактерияның пайда болуын мамандар Қытайда ауыл шаруашылығы саласында антибиотикті шектеусіз пайдалануы себеп болды деп санайды. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотикті пайдалануды барынша тыюға кеңес береді.

http://www.inform.kz/kaz/article/2908060

Педиатрлар қайда жоғалды?Бұл мәселені қозғамай-ақ, тыныш жатсам болар еді. Менің жасыма жеткен әріптестерімнің көпшілігі «үндемесең, үйдей пәледен құтыласың» деген тәсілді жақсы пайдаланады. Бірақ қазақ медицинасындағы кемшіліктерді көргенде орнымда отыра алмаймын. Медициналық оқу орындарында педиатриялық факультеттер жабылғалы отандық медицинаның жалпы жағдайы құлдырап кетті.

 

Педиатрлар неге қажетсіз болып қалды? Оларды санаттан шығарып тастауға кім пәрмен берді? Дәрігерлердің және ата-аналардың ойында жүрген ең басты сауал осы.

Өз басым бұл шешім ұлт денсаулығына кері әсерін тигізбесе, титімдей пайдасы жоқ деп санаймын. Еліміздегі халықтың 30 пайызы балалар. Ал педиатрияның бағыттары көп, бірақ соған қарамай жыл өткен сайын аталған саланың мамандары азайып келеді. Бұған себеп, Қазақстанда педиатрлар дайындамайтын болған. Неге? Мұншалықты қисынсыз шешім қабылдауға кімнің дәті барды?

Ең сорақысы, бүкіл ТМД аумағында тек Қазақстанда ғана педиатрия факультеттері толықтай жабылды. Әлемнің көптеген елдерінде факультеттерді былай қойғанда, жеке педиатриялық медицина институттары бар.

Біздің билік елден көргенін қайталауға асық. «Жаңа медициналық стандартқа көшуге тиіспіз, бұл Болонья конвенциясының талабы» дегенді сылтауратып, барлық педиатриялық қызметтердің жұмысын тоқтатты.

Бәлкім дамыған елдерде мұндай шешім қабылдау түсінікті шығар, бірақ бізге не жоқ? Біз дамыған елдердің деңгейіне жеттік пе?

Педиатрлар қайда жоғалды?Ресей, Украина және Беларусь елдері аталған конвенцияны қабылдаған екен. Билік соны айтады. Бірақ, олар педиатрияға және мемлекет мүддесіне қайшы келетін кейбір тармақтарды тізімнен алып тастады, олармен келісе кеткен жоқ. Бұл елдерде әлі күнге дейін педиатр, яғни, бала дәрігерін дайындайды және бұларда бала денсаулығының көрсеткіші бізбен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Осыны айтқым келген мен Дариға Назарбаевамен жүздеспек едім. Бірақ, кездестірмеді. Жолатпады. Себебі, шенеуніктер менің педиатрия факультеттерін қайта ашқызғым келетінін біледі. Кездескен кезде осы мәселені көтеретінімді сезеді.

Анығында, біздің буын берерін берді. Қазақстандағы медицинаны қалыптастыруға қазіргі аға буын азды-көпті үлес қосты. Бірақ, өз артымызда аяқталмаған қаншама іс қалып барады…

Білікті бала дәрігерлері жыл өткен сайын азайып барады. Мысалы, мен ауылдарда жиі боламын. Ол жақтағы медицинаның жағдайы тіпті сорақы. Бұл Алматы да, Астана да емес. Айталық, баланың ыстығы көтеріледі. Оның дене қызуы неден көтеріліп тұрғанын таба алмаған, яғни, диагнозын қоя алмаған дәрігер балаға ыстық қайтаратын дәріні бере салады. Анығында, оның неден болғанын анықтау керек емес пе? Себебі, бала денсаулығына салақ қараған жағдайда оның арты созылмалы ауруға ұласуы мүмкін.

Қазіргі жастардың 40-45 пайызы әскерге жарамайды. Мұның бәрі қайдан шықты? Себебі, бала кезде жете қарамаған, денсаулығына мән бермеген, аяғына дейін емдемеген.

Шынымды айтсам, қазіргі жағдайдан қорқамын. Ата-аналарды, балаларды – педиатрдан айыруға болмайды деп қанша рет қайталап айттым. Ешкім елемейді. Билік барлығына ортақ дәрігер болады дейді. Бұл бір жағынан экономикалық тиімді екен. Экономикасы құрысын, одан бала денсаулығы қымбат емес пе?

Сосын «барлығына ортақ дәрігер» баланы қалай емдеу керектігін біле ме? Жоқ. Себебі, баланың ағзасы ересектерге қарағанда бөлек болады. Олардың өз ерекшеліктері бар. Сондықтан барлығына ортақ дәрігер біз үшін тығырықтан шығар жол емес.

Өзіңіз ойлаңызшы, мұндай дәрігердің болуы мүмкін бе өзі? Жер бетінде 14 мыңға жуық аурудың түрлері бар. Мұны тіпті ең білікті, ең сауатты дәрігердің өзі білмеуі мүмкін. Тиісінше, білмеген ауруын емдей алмайды. Сондықтан кештетпей педиатриялық факультеттерді қайтару керек, бала дәрігері – біздің болашағымыздың денсаулығын тексеретін бірден-бір маман. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сапалы медициналық көмекке лайықты.

Отандық медицинаның тағы бір мәселесі бұл оқу уақытының ұзақтығы. Қазір біз медицина саласындағы мамандарды даярлауды әлемдік жүйеге сай жүргізудеміз. Бұған сай болашақ дәрігерлер 9-11 жыл оқиды. Бірақ, бұл да дамыған елдердің бастамасы. Олардың медицина саласына қыруар қаржы бөлінеді.

Мысалы, Германия мен Францияда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 8 пайызы, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 15 пайызды құрайды. Бізде қанша дейсіз бе? Айтуға да ұят. Бар болғаны 3,8 пайыз. Мұндай қаржыландырумен біз алысқа бармаймыз. Мұндай қаржыландыру дегеніміз – дәрігерлердің жалақысы әрі қарай да төмен деңгейде қала береді деген сөз. Ендеше болашақ маманды осыншама уақыт оқытудың еш қажеттілігі жоқ. Мұншама уақыт оқып-тоқып іздену үшін адам алаңсыз болуы керек. Біздің жағдайда дәрігердің мардымсыз жалақысымен бұл мүмкін емес.

Шетелде резидентурада оқитын жастар қомақты стипендия алады әрі нақты дәрігер болып жұмыс істейді. Екі-үш жыл өткесін ординатураға ауысады.

Дамыған елдердің үлгісін қайталау үшін, алдымен соған сай жағдай қажет. Қазақстандағы медицина саласына бөлінетін мардымсыз қаржы дәрігерлерге қандай жағдай жасап бермек? Медициналық оқу орындарының өз клиникалары атымен жоқ.

Осы себепті мен дәрігерлерді 7 жыл оқытуға кеңес беремін. Бес жылы – жалпы білім алатын кезең болса, қалған екі жылда мамандығы бойынша даярлануы қажет. Ал бұдан кейін диплом алып, жұмысқа кіріссін.

Қайталап айтайын, біздің жағдайда дәрігерді 11 жыл оқытатын мүмкіндігіміз жоқ.

Камал ОРМАНТАЕВ,

хирург-педиатр, академик

"Время” газетінен аударылды

 

http://www.dalanews.kz/16070 "Қала мен Дала" газеті

ҚЫМЫРАННЫҢ ҚАДІРІНЕ ҚАШАН ЖЕТЕМІЗ?Қазақтың ұлттық тағамдарын сөз еткенде, әрине, ұлттық сусындарды тасада қалдыруға болмайды. Нақ осы ұлтымыздың сусындарына қатысты отандық ғалымдар бір ғана қымыранның жүзге тарта қасиетін дәлелдеп отыр. Ғылыми дәйектерге жүгінсек, қазақтың қымыраны әлемнің шөлін қандыруға қауқарлы, халықаралық нарықта бәсекеге бәс тігуге қабілетті, сондай-ақ, талай дертке дауа болар қасиеттері де баршылық.

 

Жалпы жылқы, сиыр малындай емес, түйенің жейтін шөбі басқа. Сондықтан оның сүті де ерекше болып келеді. Түйе жиде, жыңғылдың гүлдерін, қараталдың басын, тікен, жантақ шөптерін азық етеді. Шұбатты ішкен адамның қарны да аш­пайды. Ол — әрі сусын, әрі тамақ. Қымы­ранның маңыздылығы, майлылығы жоғары. Іш құрылыстары ауыратын адамдарға бұл — мың да бір ем. Әсіресе, асқазан жара­сына шипалы. Шұбаттың арқасында осын­дай дертпен ауырған талай адам жазылып кетті. Сондай-ақ, шұбат адамның имму­нитетін көтереді.

Жақында ғана ғалым-профессор Мұсатілла Тоқанов диабеттен құтқарудың ғылыми негізін жасады. Сусамыр дертіне шипа таппай әлемдік медицина дағдарып жатқанда шымкенттік ғалым Мұсатілла Тоқанов дауасын түйе сүтінен тапты. Қазір дүниені обыр ауруы теңселтіп тұр. Әлемдік медицина дәрменсіз. Бірақ, емін жаппай іздеп жатыр. Мәскеудің Герцен атындағы онкологиялық институтының профессоры Р.И.Якубовская бастаған бір топ ғалымдар обыр ауруының алдын алатын лапрот деген препаратты өндіріске енгізбекші. Про­фессор ракқа қарсы лактоферрин деген ферментті ана сүтінің ақуызынан тапқан. Бірақ, ғылыми жаңалықтың өзіндік қиын­дықтары аз емес. Мәселен, 1 грамм лакто­ферринді алу үшін 25 әйелдің сүті өңделуі керек. Оның өзіндік құны 2500-3000 АҚШ доллары. Ал 100 грамм алу үшін 2,5 тонна ана сүті керек. Ғалымның дәлелдеуінше, түйе сүтінен де лактоферрин алуға болады. Сонымен қатар, түйе сүті сиыр сүтімен салыстырғанда «С» дәрумені 5 есе, «РР» 3 есе, «Е» 2 есе, «темір» 10 есе, «кальций» 1,5 есе, «лактоферрин» 30 есе көп. Басқа қасиеттерін санамағанда құрт ауруына, ішек-құрылыстары, бауыр, дәрумен жетіс­пеушілік, қан аздық және қант ауруына бірден-бір еміңіз түйе сүтінде.

Негізінде, денсаулыққа аса пайдалы бұл сусынның қадірін бізден бұрын шет ел біліп отыр. Қазірде Израиль, Германия, Норвегия тәрізді елдерде қымыранның құны да жоғары, өндірілу технологиясы да сапалы. Малайзия, Израиль, Германия елдерінде қымыранның құрылысын, қасие­тін, құрамын зерттеуге сол елдің ғалымдары барынша ықылас білдіруде. Ғалымдардың айтуынша, сапасы жоғары қымыранның адам ағзасындағы өт жол­дарын тазалауға, бауыр-бүйрек жұмысын жақсартуға берер шипасы мол екенін анықтады. Оған дәлел, бір литр қымыран ересек адамның В1, В12 және С дәрумен­деріне деген қажеттілігін бере алады екен. Қымыран қышқыл бөлуді тездетіп, асты жылдам қорытуға септігін тигізеді. Осы арқылы бауырды тазалап, өт жолдарының жұмысын жақсартады. Айран мен сүтке қарағанда қымыранның тиімділігі анағұр­лым жоғары.

Қымыранның адам ағзасына тигізер шипасы орасан. Біріншіден, адамның асқазаны мен ішегіне көмегі көп. Екін­шіден, жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Адам ағзасын орнына келтіруге пайдасы зор. Сондықтан күнделікті тағам рацио­нына түйенің сүтінен жасалған қымыранды қосатын болсаңыз, ішіп-жегеніңіз жақсы қорытылып, қуатыңыз арта түседі.

Осыдан біраз бұрын ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов «Қымыз бен шұбат туралы арнайы заң керек» деп Үкіметке депутаттық сауал жол­даған да болатын. Қымыз-шұбат мәселесі­нің Парламент мінберінде көтерілуі бірінші рет емес. Барды бағалай білу керек емес пе? Қымыздың патенті немісте. Көжеге қыр­­ғыздар иелік еткен. Біз әлі ойланып жүр­­генде ұлттық сусындарымыз өзгенің иелі­гіне өтіп жатыр. Қазақ қашан қозғал­мақ?

Керек десеңіз, қымыран – қырық түрлі ауруға ем. Кезінде елімізде өкпе ауруларын тек шұбат-қымызбен емдейтін 15 шипажай болса, бүгінде олардың жұмысы тоқтап қалған. Керісінше, Ресей 80-нен астам шұбат өндіретін агрофирма ашып, осы елде қымыз бен шұбат арқылы емдейтін 48 шипажайдың жұмысын жолға қойған. шұбаттың емдік қасиеттеріне Жапония мен Батыс Еуропа елдері де ерекше қызығу­шылық таныта бастаған. Мәселен, Гер­мания біздің ұлттық сусынымызды дайындап, оның ұнтағынан түрлі тағамдар мен косметикалық заттар алуды игерген.

Иә, қазақ қымыран ішуден қалып бара жатқандай. Бүгінде дүкендердегі қымыз-шұбат сусындары мүлдем талапқа сай келмейді деген де пікір бар. Бәлкім, қымыранды ғылыми тұрғыда зерттеу орталығы ашылса, біраз мәселе шешімін табар… Мұнан бөлек, қазақтың ұлттық тағамдары деген республикалық ұлттық орталық ашуымыз керек-ақ. Кезінде ұлттық сусындарды түбегейлі зерттеп, қымыз бен шұбатты баптап, әзірлеудің, он айға дейін алғашқы дәмі мен сапасын сақтайтындай технологиясын, оларды ұнтақ түрінде дайындаудың әдістерін де ойлап тапқан қазақ ғалымы профессор Зұлхайнар Сейітұлы еді. Қайткен күнде де қымыранның қасиетін насихаттауды бір сәтке де тоқтатпаған жөн. Сонда жастарымыз арақ-шарапқа құмар болмай, ұлттық сусынымызға бет бұратын еді. Ел арасында маскүнемдер азайып, түрлі аурулар мен өлім-жітімнің алдын алар едік. Әйтпесе, қазақтың қымызы мен шұбатын да, ұлттық ойындарын да шетелдіктер иемденіп барады. Осының бәрін салыс­тырып қарағанда, ұлттық сусынымыз — қымыранды әлі күнге дейін дамыта алмай отырғанымыз бойкүйездік пен нем­құрайдылық емес пе? Ата-бабамыздың аманатына адалдық танытып, ардақтаған асын, сүйсіне ішкен сусындарын ұлттық брендке айналдыру үшін қымыз бен шұбат жөнінде арнайы заң қабылдауымыз керек. Сонымен бірге, ұлттық сусындар өндіргісі келетін фермерлерді ынталандыратын жеңілдіктер қарастырылуы қажет шығар…

 

Серік ЖҰМАБАЕВ.

http://almaty-akshamy.kz/2016/05/23/%D2%9B%D1%8B%D0%BC%D1%8B%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D2%9B%D0%B0%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D0%B5-%D2%9B%D0%B0%D1%88%D0%B0%D0%BD-%D0%B6%D0%B5%D1%82%D0%B5%D0%BC%D1%96%D0%B7/

 

Қостанайда өз міндеттерін орындамаған дәрігерлерді соттады және сол бойда жазадан босатып жібердіҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - №2 Қостанай қалалық соты қалалық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Верко мен үш хирург - Павел Ковалев, Марат Ахмадиев пен Александр Петриді айыпты деп танып, үкім шығарды. Олар ҚР ҚК 114 бабы 2 бөлімі (Медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiкмiндеттерiнеұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша айыпты деп танылды.

Іс 20 жастағы жергілікті тұрғын Айсұлу Шаяхметованың шағымы бойынша қаралды. Жол-көлік апаты салдарынан оның беті жарақаттанған, алайда тиісті медициналық көмек ала алмаған. Жарақаты асқынып, бет-жүзі қатты зақымданған жапа шегуші қара түсті көзілдірік тағып жүруге мәжбүр.

Дәрігерлердің 1 жылға дейінгі мерзімге бостандықтары шектелді, сонымен қатар медициналық қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды. Алайда қылмыс мерзімінің ескіруіне байланысты, сот оларды жазадан босатты. Олар жапа шегушіге моральдық залал ретінде 200 мың теңге және материалдық шығынның орнын толтыру үшін 62,6 мың теңге төлеуге міндеттелді.

http://inform.kz/kaz/article/2906558

Ұйықтап бара жатып өздігінен селт етудің бірнеше себебі бар, бірақ бұл – ең қызықтысы және ең қисындысы.

Адам ұйықтап бара жатып неге селт етеді?

Адам тез ұйқыға еніп, тыныс алуы баяулаған сәтте ағза адам өліп бара жатыр деп ойлап қалады, сондықтан қорғаныш механизмі іске қосылады. Ми рефлекторлық деңгейде аяқ-қолға жиырылып, адамды оят деген белгі береді. Ол ұйықтап кету мен өліп кету арасында айырманы көрмейді, өзін-өзі сақтау инстинкті әрдайым іске қосылады. Сол себепті селт еткен соң біз оянып, бәрі дұрыс па деп тексеріп көреміз. Ал кейін, көзіміз жеткен соң, қайта ұйқыға кетеміз.

Мұның алдын алу үшін ұйқыға барынша байсалды ену керек, мысалы ыстық ваннаға түсіңіз немесе массаж жасатыңыз. Миға күш түсірмеңіз, әйтпесе ол сізді дереу оятады.

Біз тоңған кезде қалтырайтынымыз да сондықтан. Ми біз жылынуымыз үшін механизмдергі іске қоса бастайды. Қалтырау – солардың бірі, бұл бұлшықеттердің жиі жиырылуы. Ал бұлшықеттер жұмыс істегенде жылу энергиясын бөледі.

http://bilim-all.kz/article/3732-Adam-uiyqtap-bara-zhatyp-nege-selt-etedi

ДЕНСАУЛЫҚ: Аскөктің емдік қасиеттері және үйде жасауға болатын тұнбаларАСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл өсімдік ас әзірлеуде кеңінен қолданылып, тамаққа ерекше дәм беретін тамаша дәмдеуіштердің бірі. Аскөктің адам ағзасына пайдалы екені барлық жерде мәлім. Сондықтан, оны көп тұтынады. Бірақ, оның емдік қасиеттері жайлы көп адам біле бермейді, деп жазады anabol.kz.

Аскөктің пайдалы қасиеттері:

Аскөктің пайдалы құрамы дизентерия, диарея, жұқпалы аурулар кезінде, ұйқы бұзылғанда жақсы көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетіп, жүйке жүйесін тыныштандыруға қабілетті. Бүгін сіздерге үй жағдайында аскөктен дәрі жасауға арналған рецептер ұсынамыз. Бұларды кез келген адам көп шығынданбай-ақ жасауға болады.

1) Көздің өткірлігі төмендеп, көз тез шаршайтын болса, сізге аскөктің тұқымы көмектеседі. Ол үшін аскөктің тұқымынан компресс жасау қажет. Аскөктің тұқымын дәкеге салып, біраз уақыт жылы жерге қою керек, содан соң, оны көзге 20 минут қоямыз. 20 минуттан соң көзіңізде айтарлықтай жеңілдік сезінесіздер. Бұл әдіс сондай-ақ, көз айналасындағы әжімдерді тегістейді. Ісіну және қабақтың қызаруын азайтады.

2) Аскөкті кептіріп, жағып, күлін жазылмай жүрген жараға сепсе, ол тез жазылады. Ұрық дәнін ұнтақтап ауызға салып сорып жүрсе, ыстықты қолма-қол тыйяды.

3) Оның ұрық дәнімен қоса кептірген сабағының ұнтағынан 2 ас қасық салып, жарты литр суға қайнатып ішсе, ішті жүргізіп, асқазанды, ішекті тазалайды.

4) Қарапайым тұнба. 1 ас қасық кептірілген аскөкті 0,5 литр суға салып, 1 сағат тұндырамыз. Дәрі дайын. Бұл тұнбаны жарты стақаннан күніне 3 рет ішу қажет. Бұл тұнба асқазан, ішек, ауруларында пайдалы. Диарея, іштің қатуы (запор) сынды ауруларды да емдейді.

Жас аналарға аскөкті көп тұтыну өте пайдалы және психологиялық аурулар кезінде де таптырмайтын құрал.

http://inform.kz/kaz/article/2905786

Аналарға ақыл-кеңес: Жүктілік кезінде күйзеліске ұшырамау әдістеріАСТАНА. ҚазАқпарат - Жүктілік кезінде әйелдердің психикасында көптеген өзгерістер орын алады. Әсіресе, ұмытшақ болып бара жатқаны туралы жиі шағымданып жатады. Бұл - қалыпты жағдай саналады. Бірақ, жүктілік кезінде күйзеліске жол бермеу керек, деп жазады massaget.kz.

Қорқыныш, уайым, өкпе-реніш пен күйзеліс жатырдағы кішкентай өмір иесіне көп күш салады. Сондай-ақ жүкті әйелдің психикасына да әсер етеді. Жақында ғалымдар жүктілік кезіндегі күйзелістің ұмытшақтыққа да ұшырататынын мәлімдеді. Қатты күйзеліс әйелдің жадына да кері әсерін тигізеді екен.

Күйзеліске ұшырамау үшін не істеу керек?

Біріншіден, мүмкіндігінше көбірек жақсылық туралы ойлау, босаңсуды үйрену;

Екіншіден, уайымдарыңыз бен сезімдеріңіз туралы жақын жандарыңызбен сөйлесу;

Үшіншіден, көңіл-күйіңізді бөгемей, ашық жеткізу;

Төртіншіден, бірқалыпты дене шынықтыруға да ерекше мән беру керек.

Бесіншіден, дұрыс тамақтаныңыз. Осыған байланысты ағзадағы биохимиялық процесстердің көбі психологиялық жағдайға әсер етеді.

http://inform.kz/kaz/article/2904946

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕМШІСІ БЕС ЖАСАР БАЛАНЫ ІЗДЕЙДІ«Тасбақа» дертінен зардап шеккен қызылордалық бес жасар Жасұлан Қорғанбекті қытайлық қазақ дәрігері сирек кездесетін «тасбақа» ауруынан айықтыра алады. Бұл туралы «Айқын» газетіне ҚХР-дың Ұйғыр-Шыңжаң өлкесінен қазақ азаматтары хабарлады.

 

Сирек кездесетін әрі жазылуықиын дертке шалдыққан балақай­дың ауыр жағдайы туралы «Айқын» газеті кешегі санында «Дертке дауа табыла ма?» деген тақырыппен жаз­ған болатын. Осыдан кейін Қытай­дың Үрімші қаласынан жанашыр қазақ азаматтары хабарласып, сонда Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы өлке­сі ұйғыр шипаханасы тері аурулар бөлімінің меңгерушісі Әмина Қа­сымқызына баланың газетке шық­қан суретін көрсеткендерін, ол оның «тасбақа» ауруына шалдыққанын тап басып, оны емдеуге болатынды­ғын айтқанын жеткізді. Осы ақпаратты хабарлау үшін Қорғанбектер отбасы­на телефон шалдық.

Жаңбырбай Қорғанбек өз қуа­нышын жасырмай, баласын аурудан айықтыру үшін қажет болса, Қытай­ға да баратындықтарын айтты. Ол отбасының қасіретін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіген бейтаныс жандардың жан-жақтан қолдау көрсетіп жатқанына риза­шылығын білдірді. «Жылы жүректі адамдардың көп екендігіне көзім жетті» дейді Жаңбырбай Қорғанбек.

Ал оның зайыбы Ұлбибі баласы­мен Алматыдағы тері-венерология­лық ғылыми-зерттеу институтына келген. Дәрігерлер оған баланың еш­қа­шан жазылмайтындығын, тек сауықтыру орындарында ем қабыл­дау арқылы оның өмірін жеңілдету­ге болатындығын айтыпты.

– Бұрын «ихтиоз» деген диагноз қойған. Енді оған күмән келтіруде. Мұнда терісіне жағып жүрген дәрі­сін уақытша тоқтатып қойды. Қазір қайта тексеруден өткізуде, – дейді баланың анасы шаршаңқы әрі мұң­ды дауыспен. Ол осындай науқас­тар­ды Израиль, Әзірбайжанда мұнай­мен емдейтіндігі туралы естігенін, соған баласын апарғысы келетінін айт­ты. Алайда ондай емді бір рет қабыл­дау құны 8 миллион теңге екен. Мұн­дай шығынды қарапайым әрі жас отба­сы көтере алмайтыны анық.

Кеше Үрімшіде тұратын білікті дәрігер Әмина Қасымқызына хабар­ласқан едік. 30 жылдан бері тері ауруларын емдеуге машықтанған шипагер «тасбақа» ауруын жазуға болатындығын, одан жазылып кет­кендер бар екенін, бірақ ең алды­мен науқасты көру керектігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, «бұл ауру­ды емдеуге ұйғыр емі қолданылып, дәрілік шөптер пайдаланылады». Қытайда тұратын қазақ азаматта­ры Қорғанбектер әулеті үшін Үрімшіге келіп, емделу де әлдеқайда арзанға түсетіндігін хабарлап, өздерінің ба­лаға тілекші екендіктерін жеткізді.

Дәрігерлер қанша басқаша тон пішсе де, қазақта: «Жазылмайтын дерт жоқ, емшісіне кез болса...» деген мақал бар. Ең бір ауыр дерттер­ден адамдардың құлан-таза айығып кеткен жайттар кездеседі. Сондық­тан бес жасар баланың жарық дү­ниедегі азапты күндері аяқталып, кең тыныстап, құрбыларымен ер­кін ойнап, рақаттанар күндері тақаудеп сенеміз.

Р е д а к ц и я д а н:

 

Бұл дерт ешкімді бей-жай қалдырмай тұр. Қытайдағы білікті дәрігер­лер қандастарымыз қатерлі дерттен баланы айықтыруға сенімменқарап отырғанда, Жасұланға біздің нақты көмегіміз қажет. Қол ұшын бе­руге даяр азаматтар табылып жатса, балақайдың ата-анасына 8 702 884 44 37 немесе 8 701 606 31 83 ұялы телефоны арқылы хабарласа алады.

"Айқын"

http://arasha.kz/post/1631

15 мамыр – ЖИТС (СПИД) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніӘр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде, Халықаралық ЖИТС (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда әлемнің 115 елінде, 1200 жуық қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.

Биылғы жылы Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 34-ші рет өткізілмекші. Бұл күнді өткізудің мақсаты АИТВ-мен (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) өмір сүруші адамдарға моральдік, рухани және психологиялық қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС проблемасының бар екенін қоғамның барлық құрылымдарының есіне салу, біздің әрқайсымыз АИТВ жұқтырған адамдар үшін не істей алатанымызды ойлану. Сонымен қатар АИТВ жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. «Кемсіту нөл» ұраны арқылы АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС ауруына шалдыққандарға алалау, кемсіту, «таңба басу» сияқты көзқарасты азайту болып табылады.

ЮНЭЙДС-тің (БҰҰ-ның ЖИТС індетіне қарсы біріккен бағдарламасы) ақпаратына сүйенсек жер шарында 32 млн астам АИТВ жұқтырғандар өмір сүреді, оның 20 млн. ЖИТС індетінен қайтыс болған. АИТВ жұқтырғандардың көбісі 30 жасқа дейінгі жастар.

Қазіргі таңда әр түрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Олардың мақсаты жалпы халықты оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді АИТВ инфекциясынан сақтандыру және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Қызыл лента

1991 жылы сәуір айында ЖИТС проблемасына қоғам назарын аудару мақсатында СПИД-ке қарсы қозғалыстың мүшесі, суретші Франк Мур "Қызыл лентаны” алғаш рет ойлап шығарды,оны алғашқылардың бірі болып Визуал АИДС ұйымының мүшелері тақты (суретшілер, өнер адамдары, т.б) Сол жылы Фредди Меркуриді еске алуға арналған концертке оның 70 мың табынушысы кеуделеріне ”Қызыл лента” тағып келді. Сол жылдан бастап "Қызыл лента ”АИТВ/ЖИТС-мен күрес және ЖИТС проблемасын түсіну қажеттігін көтерген адамдардың дауысын біріктірген үміт символы бола бастады. Бұл күндері "Қызыл лента”:

АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарды алалауға, оларға таңба басуға қарсылық белігісі;

Оларға сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастырудың белгісі;

Жақын уақытта АИТВ/ЖИТС-ның емі табылады деген үміттің белгісі;

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды есте сақтау белгісі

Дүниежүзінде АИТВ жұқтырған адамдардың ынтымақтастық символы болып табылады

Квилт

КВИЛТ-ті 1987 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Клив Джонс атты азамат өзінің ЖИТС-тан қайтыс болған досына арнап тікті, бұл КВИЛТ-інде ол тек досына деген сүйіспеншілігін ғана емес, әрекетсіз отырған Америка елінің басшылығына өз қарсылығын да білдірді. Бұл бастаманы қаланың басқа тұрғындары да қолдағаны соншалық, КВИЛТ тігетін арнайы орталық ашылды. Бірнеше жылдан соң бұл қозғалыс әлемнің 40 елінде қолдау тапты.

КВИЛТ-әр түрлі тағдырдан хабар береді. Матаға өлгендердің аты-жөні, туған-қайтыс болған күні мен жылы, оларға деген туыстарының сағынышы кестеленіп,тіпті олардың жақсы көретін ойыншықтары мен заттары да қоса тігіледі.

КВИЛТ-АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарға деген қоғам мүшелерінің көзқарасын өзгертетін бірден-бір құрал болып табылады.

АИТВ/ЖИТС жөнінде толығырақ ақпарат алғыңыз келсе 23-41-50сенім телефоны жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз.

 

Сурет www.arw.gov.by сайтынан алынды

 

Әсель ОРАЗАЛИЕВА,

Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын

алу және оған қарсы күрес жөніндегі

орталықтың баспасөз хатшысы

Назад Вперед