Ауа райы
Мерекелер

Дәрігер эпидемиологтар мен бас мейірбикелер арасында семинар-тренинг болып өттіЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сәуір айының 28-де облыстық наркология орталығында медицина қызметкерлерінің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыру мақсатында емдеу-алдын алу ұйымдарының госпиталдық дәрігер эпидемиологтар және бас мейірбикелер арасында «АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары. Нормативтік құжаттар» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты: АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік және ауруханаішілік жұқтырудың алдын алу, тестке дейін және тестіден кейін психо-әлеуметтік кеңес беру, АИТВ жұқпасын зертхана арқылы анықтаудағы преаналитикалық кезеңнің маңызы мен ерекшеліктері болып табылады.

Осы іс-шара барысында орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Д.Қарымсақова «АИТВ/ЖИТС-тің республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологясы. АИТВ-мен күрес стратегиясы.», дәрігер инфекционист С.Әбиева «АИТВ-ның классификациясы, клиникасы, диспансеризациясы, емдеу ерекшеліктері», дәрігер-әдіскер Ж.Қыстаубаева «АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу» тақырыптарында презентациялар жасап, толық мәліметтер ұсынды.

Бүгінде бұл індет медициналық мәселелер қатарынан шығып, экономикалық-әлеуметтік проблемаға айналды. Қатерлі кеселге қарсы тұру үшін зиынды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қолдап, оның таралуын шектеуге бір кісідей жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

 

Асель ОРАЗАЛИЕВА,

ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы