Ауа райы
Мерекелер

Видеолекция «Современные аспекты лечения ишемической болезни сердца»Видеолекция «Современные аспекты лечения ишемической болезни сердца»

ПИК-ФАРМА

Научно-образовательный семинар ПМГМУ им. И.М.Сеченова «Основные аспекты фармакотерапии сердечно-сосудистых заболеваний».

Лекцию читаетЖанна Михайловна Сизова, профессор, зав. кафедрой медико-социальной экспертизы поликлинической терапии ПМГМУ им.И.М.Сеченова.


Ссылка на оригинал:http://www.nicorandil.ru/video-list/

Ознакомьтесь синструкцией препарата Кординик

На условиях коммерческого партнёрства

Ссылка на оригинал:http://www.nicorandil.ru/video-list/

ОРТАЛЫҚТАҒЫ СЕМИНАР2016 жылдың 20 сәуірі күні ЖИТСтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының ұйымдастыруымен облыстық емдеу алдын алу ұйымдарының егу бөлмелерінің мейірбикелері және қан тасымалдаушылар арасында «Зертханалық зерттеу жұмысының преаналитикалық сатысының мәселелері және АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары» тақырыбында семинар болып өтті.

Бұл семинарды өткізудің негізгі мақсаты - АИТВны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу, АИТВ инфекциясына қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін жетілдіру болып табылады. Семинарда АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ/ЖИТС-тың жұғу жолдары, алдын алу шараларына байланысты толық мәліметтер ұсынылды.

ОРТАЛЫҚТАҒЫ СЕМИНАРБүгінгі күні республика бойынша АИТВ жұқтырып тіркелгендер саны 24863 адамды құрап отыр. Үстіміздегі жылдың 3 айында 633 адамнан анықталса олардың 442-сі Қазақстан Республикасының азаматы.

Қызылорда облысында АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері тіркелген адам саны 92. Жұғу жолдары бойынша 92 адамның 51-і (55,4%) жыныстық қатынас арқылы, 32-і (34,7%) инъекциялық есірткі тұтыну арқылы жұқтырғандар. Олардың 60-ы ер (65,2%), 32-і әйел (34,8%). Үстіміздегі жылдың 3 айында 3 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды, оның 2-і ер, 1-і әйел.

ЖИТС орталығының жұмысындағы басым бағыттардың бірі - мінез-құлқы қатерлі, яғни АИТВ жұқтыруға бейім топтар (инъекциялық есірткі тұтынушалар, жыныстық қатынас қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) арасында профилактикалық шараларды күшейту болып табылады. Облыс орталығында мінез құлқы қатерлі топ өкілдеріне арналған 2 стационарлық 1 көшпелі сенім пунктері жұмыс жасайды.

Бүгінде бұл індет медициналық мәселелер қатарынан шығып, экономикалық-әлеуметтік проблемаға айналды. Қатерлі кеселге қарсы тұру үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қолдап, оның таралуын шектеуге бір кісідей жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

 

Асель ОРАЗАЛИЕВА,

облыстық ЖИТС орталығының

баспасөз хатшысы