Ауа райы
Мерекелер

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы «командасымен» бірге ұсталдыЖамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қамауға алынды, деп хабарлайдысыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның облыстық департаментіне сілтеме жасап Вaq.kz.

 

Тергеу материалдарына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов, оның орынбасарлары - Р.Бижігітов пен Г.Жақсыбекова, мемлекеттік сатып алулар, техникалық бақылау мен мониторинг бөлімінің жетекшісі Б.Бейсебаев және экономика мен бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы И.Аймагамбетов қызмет бабын асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Олар аймақтағы бас дәрігерлер мен басқа да азаматтардан 300 доллардан 10 мыңға долларға дейін пара алып келген. Ол аз дегендейдәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша өткен тендерлерді заңсыз таратқан.

www.korr.kz