Ауа райы
Мерекелер

Дәрiгер, науқастармен сыпайы сөйлесҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi алғашқы медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастырудың қалыпты өлшемдерiн бекiттi.Онда халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастырудың талаптары нақ­тыланды. Нақтырақ айтқанда, онда жазылған әрекеттер алгоритмiне сәйкес, учаскелiк терапевттер, жалпы тәжiрибедегi дәрiгерлер, фельдшерлер мен медбикелер науқаспен жылы шырайда амандасып, онымен сенiмдi қарым-қатынас орнатуы тиiс, сонымен қатар, сыпайы түрде қоштасуы керек.Мұнымен бiрге, медициналық жұмысшылар науқасты қабылдап, қарардың алдында қолын жуып, қажет болғанда бетперде киюi қажет. Бұл ереже әлеуметтiк жұмысшыларға да қатысты.

http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/16923.html