Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

Елімізде адам миына пышақсыз ота жасаудың мүмкіндігі артып келеді. Алматыдағы Президенттік медициналық орталықта ашылған нейрохирурхиялық бөлім жыл басынан бері қан тамырлары арқылы 30 науқасқа осындай операция жасапты.

 

Ақтаудан келген 71 жастағы Анатолий Мавров микроинсульт алып, денсаулығы сыр берген соң дәрігерлерлер Алматыға жібереді. Шет елде мұндай операция жасату өте қымбат. Кеше ғана миына нейрохирургиялық ота жасатқан оның бүгін жүрісі ширақ, жағдайы бірқалыпты.

 

АНАТОЛИЙ МАВРОВ, емделуші:

- Мидың жұмыс істеуін қалпына келтірді. Күрделі операцияларды сәтті өткізіп жатқан жас мамандардға алғысым шексіз. Қазіроңалыпкелемін.

 

2008 жылдан бастап Астанадағы орталықта қантамырлары арқылы операция жасаған дәрігер тағы бір науқасқа тиісті көмек көрсетіп жатыр. Сан артериясының ішімен миға ота жасалуда. Операция құны 1 миллионнан 4 миллионға дейін. Бірақ науқастардың 99 пайызы мемлекеттік квота арқылы тегін емделеді дейді нейрохирург.

 

МЫҢЖЫЛҚЫ БЕРДІҚОЖАЕВ, ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл ауруханада республиканың бүкіл түкпірінен келетін науқастарға көмек көрсетіп жатырмыз. Бұл жылы кем дегенде 100-150-ден астам операция жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.

 

Сондай-ақ Президент іс басқармасының медициналық орталық халықаралық стандартқа сай JCI сертификатын иеленген. Енді нейрохирургиялық бөлімшенің Қазақстанның әр түкпірінен келген науқастармен қоса, шет ел азаматтарын емдеуге мүмкіндігі бар. Қазір Германия, Израиль сияқты бірнеше елдермен әріптестік орнатқан ауруханадан көрші мемлекет дәрігерлері тәжірибеден өтіп жатыр екен.

 

Манас Қайыртайұлы, Ринат Абулхайыров.

- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/11872#sthash.1aj0FgOB.3Bi33tse.dpuf


Дәрі-дәрмектердің бір бөлігі тек дәрігердің ұсынысымен ғана сатылатын боладыАСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен елорда әкімдігі, сондай-ақ «Астана денсаулықты таңдайды» фармацевтикалық қауымдастығы бірлескен жобаны іске қосты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Жоба аясында дәріханалар дәрігерлердің ұсынысы болмаса, қолдану ұзақтығын, мөлшерлеуді білуді қажет ететін препараттарды сатпайды.

«Жобаның мақсаты - дәрілік заттарды рационалды пайдалану. Өкінішке орай, бүгінде көптеген препараттар еркін түрде сатылады, бұл халыққа белгілі бір қауіп төндіреді. Күн сайын әлемде жүздеген дәрі-дәрмек жасалады, оларды дұрыс пайдаланған жағдайда, ауруды жеңуге болады, ал керісінше жағдайда денсаулыққа ауыр зардап келтіреді», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Роза Қуанышбекова.

Оның айтуынша, рецептісіз дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін бұрынғыдай дәрігердің ұсынысы қажет болмайды. Оған аурулардың жеңіл түрін емдеуге арналған препараттар жатады. Ал мөлшерлеу мен қолдану ұзақтығын білуді қажет ететін дәрі-дәрмектер астаналықтарға дәрігердің тағайындауынсыз сатылмайтын болады.

Бүгінгі таңда халықтың басым бөлігі дәрілерді таныстарының, әріптестерінің, туған-туыстарының ұсынысымен алады және сауалнамаға сәйкес елорда тұрғындарының 18-20% ғана дәрігердің кеңесіне құлақ асады.

Астана қаласының фармацевтикалық қауымдастығының президенті Степан Березиннің атап өтуінше, жоба кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бірінші қадам жасалды - қаланың барлық дәріханалары мен емханаларында өз бетінше емделуден бас тартуға шақыратын арнайы плакаттар ілінеді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастырылып, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, аталған жүйе биыл қыркүйек-қазан айларында толығымен іске қосылады, оның үстіне, жоба тек елордада ғана емес, барша Қазақстан бойынша қолға алынбақ.

http://inform.kz/kaz/article/2875087

«Денсаулық» бағдарламасы бірінші кезекте бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді жақсартуға бағытталады - Т. ДүйсеноваАЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қала тұрғындарымен жылдық есептік кездесуі болып өтті. Осы алқалы жиынның соңында сөз алған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы әзірленгендігін мәлім етті.

«Біздің министрлік әзірлеген бұл «Денсаулық» бағдарламасы бірінші кезекте бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жұмысын жақсартуға бағытталады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында аурулардың алдын алу және ескерту жұмыстары жаңғыртылады. Биыл денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен 800 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржының едеуір бөлігі трансплантологияға бағытталады. Қазір елімізде жүрекке ашық ота жасауға, бауыр мен бүйректі ауыстыруға қол жеткізілді. Болашақта басқа да органдарды ауыстырып салуға күш жұмсалады», - деді Т. Дүйсенова.

Сонымен қатар, министр елімізде жұмыссыздық мәселесін шешуге қомақты қаржы жұмсалатындығын жеткізді.

«Үкімет «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын қабылдады. Оған 100 млрд. теңге бөлінді. Бұл жерде, әсіресе жұмыссыз жүрген жастарды оқыту және жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазір елімізде 2 миллион адам зейнетақымен қамтамасыз етілген. Бұған ел бюджетінен 700 трлн. теңге бөлінеді. Одан басқа, елімізде 800 мың мүгедек жан әлеуметтік жәрдемақы алады. Биыл мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы - 25 пайызға, ортақ зейнетақының көлемі - 9 пайызға, шәкіртақы 25 пайызға артты. Ал 1 қаңтардан бастап, азаматтық қызметтің барлық қызметкерлеріне жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді. Бұл шараларға 2 трлн. теңгеге қосымша ретінде республикалық бюджеттен тағы 267 млрд. теңге бөлінді», - деді Т. Дүйсенова.

 

 

Автор:Жаппарберген Айбота

http://inform.kz/kaz/article/2874375

Қызылордалық кәсіпкерлер онкологиялық дертпен ауыратындарға көмек көрсететін хоспистің барлық жабдықтарын сатып әперді (ФОТО)ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жақында ашылған паллиативтік көмек беру бөлімшесін жабдықтауға аймақтың бизнес өкілдері белсенді атсалысуда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев облыстық кәсіпкерлер палатасының бастауымен аймақ кәсіпкерлері тарапынан осы онкоорталығына 3 млн теңгеге жуық көмек берілгендігін, алдағы уақытта да мұндай көмектер өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Меценаттар жаңа бөлімге жұмсақ, корпусты, медициналық жиһаздар, тұрмыстық техникалар, мүгедек арбасын және өзге де науқастардың қажеттілігіне арналған заттарды алып берген. Олардың басым бөлігі мұнай-сервистік компаниялар, сондай-ақ «Frac Jet», «НефтьТехСервис», «ПиЭм Лукас Қазақстан», «Дос Инжиниринг», «Сыр Маржаны», «Kyzylorda Wildlife Foundation» ЖШС-тері мен Жандос Қарабала, Қадырберген Бедер, Мақсат Мүбарак, Анвар Якуповтар.

Кәсіпкерлер көмектерін «емделушілерге моральдық көмек көрсетіп, қолдау білдіргіміз келді. Бұл бастамамыз өзге азаматтар да жалғап алып кетеді деген сенімдеміз» дейді.

«Облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға облыста онкологиялық дертпен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек көрсетуге арналған 15 орындық хоспис ашылған болатын. Аталмыш ауруға шалдыққан, жағдайы өте төмен азаматтарға арналған мұндай орталықты ашу бұрыннан жоспарымызда бар болатын. Бірақ сәті енді түсті. Көңілге қуаныш ұялатыны, кәсіпкерлердің бірден көмек қолын созып, орталыққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткендігі», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Айта кету керек, паллиативтік көмек беру бөлімшесінің емделушілеріне Палата жанындағы облыстық Іскер әйелдер кеңесі де көмек көрсетуде. Кеңес мүшесі Айжан Шегенова бастаған нәзік жандылар орталықты бөлме гүлдерімен безендіріп, қабырға суреттерін табыс етті. Сондай-ақ, алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сұлулық салоны қызметкерлерімен орталықта жатқан қыз-келіншектерге қызмет көрсететіндіктерін жеткізді

Қызылордалық кәсіпкерлер онкологиялық дертпен ауыратындарға көмек көрсететін хоспистің барлық жабдықтарын сатып әперді (ФОТО)
Қызылордалық кәсіпкерлер онкологиялық дертпен ауыратындарға көмек көрсететін хоспистің барлық жабдықтарын сатып әперді (ФОТО)
Қызылордалық кәсіпкерлер онкологиялық дертпен ауыратындарға көмек көрсететін хоспистің барлық жабдықтарын сатып әперді (ФОТО)
Қызылордалық кәсіпкерлер онкологиялық дертпен ауыратындарға көмек көрсететін хоспистің барлық жабдықтарын сатып әперді (ФОТО)

Автор:Елубай Әуезов

http://inform.kz/kaz/article/2873885

Астанада электронды денсаулық паспорттарын енгізу жоспарланудаАСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің ғимаратында «Белсенді азамат» акциясы аясындағы соңғы брифинг өтті. Шара барысында денсаулық сақтау, білім және жұмысқа орналасу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қалалық басқармалардың өкілдері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта орын алатын өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер бағасының өсуі, емханалардағы кезектер мен жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту жағдайлары қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Иван Ли толығырақ айтып берді.

- Өткен жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмектер жеткізушілер мен әкімдік арасында жасалған меморандумға сәйкес өмірлік маңызы бар 200 препараттың бағасын ұстап қалдық. Бүгінде жаңа құжатқа қол қоймақпыз, бұл ретте белгілі бір қиындықтар туындап тұр. Доллардың тұрақсыздығынан фармацевтикалық нарықта баға саясаты анықталмаған. Адамдарға эндокриндік аурулар, қант диабеті, бүйрек жетіспеушілігі және т.б. аурулар кезінде беріліп келген препараттар бұрынғыдай беріледі деп нақты айта алмаймын. Есесіне, бұған дейін тегін алуға болатын дәрілік заттардың барлық кепілдендірілген көлемі қаланың бірнеше дәріханасында ғана болған, ал енді адамдар оны кез келген дәріханадан ала алады, - деді И. Ли.

Қалалық емханалардағы кезекті азайту үшін жаңа амбулаториялық-емхана деңгейіндегі жаңа мекемелерді салудан басқа, қалалық емханаларда навигация жүйесі, яғни балаларға, қарттарға және азаматтардың басқа да санаттарына арналған арнайы дәліздер енгізілуде. Жүкті әйелдер үшін бөлек дәліз қарастырылған, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін дәрігерлердің қабылдау уақыты оңтайландырылып, сараптамалар тапсыру уақыты арттырылды.

Жедел медициналық жәрдем станциясындағы жағдай да жақсарды. Қызметкерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істей алатындай балабақшадан 94 орын бөлінді, оның үстіне қызметтік баспана ұсынылады. Жедел жәрдем машиналарының жетіспеушілігі мәселесі ғана қалып отыр.

- Келіп түскен шақырулардың 30% ғана жеделділікті қажет етеді. Ол үшін арнайы санитарлық көлік керек. Ал температураны түсіру немесе қысымды өлшеу үшін фельдшер жай машинамен де бара алады. 2 наурыздан бастап жаңа жоба қолға алынбақ, оның аясында жедел жәрдем қызметіне бригадаларды шақырулар бойынша апаратын 25 жеті орындық машина-такси беріледі, - деді Иван Ли.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы іске қосылатын ең маңызды жоба электронды денсаулық сақтау төлқұжатын енгізу болып табылады. Онда адамның туғанынан қартайған шағына дейінгі ақпарат сақталмақ. Құрылғылардағы барлық ақпараттар құпия болады, дәрігерлер ену коды болғанда ғана электронды картаға өзгерістер енгізе алады.

http://inform.kz/kaz/article/2873127

АИТВ (ВИЧ) ауруынан сақ болайық!АИТВ (ВИЧ) инфекциясы бір ғана медициналық құрылымның мәселесі емес, қоғамның барлық сатысындағы серіктестестік ұйымдардың да проблемасына айналып отыр. АИТВ инфекциясының алдын алу мәселесінің маңыздылығы инфекцияны жұқтырып тіркелген адамдардың санының артуымен анықталатыны белгілі.

Қазіргі таңда инфекция ауқымды түрде таралып келеді, сондықтан бұл жағдай аурудың қауіптілігін сезінетін қоғамдық ұйымдардың да алаңдатушылығын тудыруда.

Инфекцияның зардаптары бүгінде дамудың барлық аспектілеріне, яғни кедейлік деңгейін төмендетуге, білім саласына, инновациялық технологияларды жетілдіруде, адам құқықтарына өз зардабын тигізуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сай, жер шарында ЖИТС (СПИД) адам өміріне аса қауіпті аурулардың біріне жатады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, АИТВ (ВИЧ) вирусынан 30 жыл ішінде 25 млн. астам адам қайтыс болды, 50 млн. астам адам осы вируспен өмір сүруде. Бұл инфекция адамдардың жынысына, жасына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамайтын аса қатерлі жұқпалы дерт және әлі күнге дейін адам ағзасын вирустан толық тазартатын дәрілік препараттар табылған жоқ.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында барлығы 24645 АИТВ жұқтырған адам тіркеліп отыр. Үстіміздегі жылдың 1 айында 236 адамнан (оның 221-і ҚР азаматтары) осы инфекция анықталды. Тіркелгендердің 33%-ын инъекциялық есірткі тұтынушылар құраса, 48%-ын жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар құрауда. Аталмыш инфекциядан біздің облысымыз да шет қалған жоқ. Қызылорда облысында АИТВ-ның алғашқы оқиғасы 1990 жылы анықталса, сол сәттен бері 92 ҚР-ның азаматынан АИТВ жұқпасы анықталды. Жұғу жолдары бойынша 92 адамның 32-і (34,7%) инъекциялық есірткі тұтынушы, 51-і (55,4%) жыныстық қатынас арқылы және 2-еуі (2,2%) анасының жатырында жұқтырған, 1-нің (1,2%) жұғу жолы белгісіз, 5-і (5,4%) ерлермен жыныстық қатынас жасайтын еркек (гомосексуалист) арасында анықталуда. 92 адамның 32-і (34,8%) әйел, 60-ы (65,2 %) еркек.

2015 жылдың 1 айында облыста 3 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды, оның 2-уі Қызылорда қаласының тұрғыны, 1-еуі Қазалы ауданынан. Жұғу жолына келер болсақ осы 3 адамның 2-і жыныстық қатынас арқылы, 1-і ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер арасында тіркелген. Қазіргі таңда АИТВ инфекциясы тіркелмеген бірде бір елді мекен қалған жоқ. Мысалы Қазалыда - 8, Арал - 2, Қармақшыда - 2, Сырдарияда - 1, Шиеліде - 7, Жаңақорғанда - 2, Жалағашта - 1.

Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ-ны жұқтырудан сақтану анағұрлым маңызды екенін есте сақтау қажет. Бұл жағдай бізді және біздің жақындарымызды айналып өтуі үшін бар күшті салған жөн. Дегенмен, әрбір адамның өз мінез-құлқына, тәрбиесіне жауап беруі тиіс. Бұл ауру ауа арқылы және тұрмыстық жағдайда жұқпайды. Оның тек 3 түрлі жұғу жолы бар.

1. Қан арқылы

2. Жыныстық қатынас арқылы.

3. Анадан баласына жүктілік, босану, емізу кезінде жұғуы мүмкін.

Егер сен салауатты өмір салтын ұстансаң, есірткіден, ішкіліктен бас тартсаң, кездейсоқ, ретсіз жыныстық қатынастардан аулақ болсаң бұл дерттің сені айналып өтері сөзсіз. Қорыта келе айтарым, ауруға ем іздегенше ауырмаудың жолын іздейік, ағайын!

 

Асель ОРАЗАЛИЕВА,

ЖИТС орталығының

баспасөз хатшысы

Сурет www.aids.zhambyl.kz сайтынан алынды

Сирийский врач объяснил, почему полезно пускать людям кровьФото: kerekinfo.kz

 

После публикации жутковатых фотографийо мусульманском кровопускании, корреспондентИА «NewTimes.kz»нашел врача из Сирии, который практикует «хиджаму» в Алматы. Абдулджа бар Коурани имеет высшее медицинское образование и лечит людей этим необычным для западной цивилизации методом уже 15 лет. Он рассказал кому и в каких случаях рекомендована «хиджама».

- Аль-ходжами – это сунна (наследие) пророка, да благословит его Аллах и приветствует. С точки зрения медицины выпускание периферической венозной крови со спины и головы путем установки вакуумных банок на месте мелких надрезов – это провоцирование активности костного мозга на вырабатывание новых кровяных клеток. При этом очищается печень, и селезенка, которые так же участвуют в обновлении крови.

Часть крови, называемая «дипо», активно не участвует в кровообращении, она выполняет запасную функцию на случай кровопотери при ранениях, операциях и родах. Если ее удалить, в организме начинается перемещение крови.

Процедура аль-ходжами показана прежде всего для людей с малоподвижной, «сидячей» работой, это водители, конторские служащие, у которых повышенный риск возникновения варикоза и простатита. Кроме перемещения крови, аль-ходжами дает полное обновление организма на клеточном уровне.

Естественно, ко мне обращаются прежде всего люди с аденомой простаты, с заболеваниями печени, после прохождения лекарственных курсов, подвергающих организм длительным интоксикациям. После первого же кровопускания нормализуется повышенное давление, улучшается иммунитет. «Сухие» вакуумные банки без надрезов, снимают напряжение в мышцах, и проходит боль в спине и шее, что так же снимает связанные с ними головные боли. Быстро проходят угревые высыпания на коже, после выпускания крови с затылка и макушки, моментально обостряется зрение.

Кроме того, кровопускание положительно влияет на репродуктивную функцию, особенно у мужчин, оно улучшает спермограмму и усиливает производство активных сперматозоидов.

Главное условие проведения аль-ходжами – стерильность. Нежелательно делать кровопускание человеку без медицинского образования, потому, что некоторые клиенты, особенно впервые, теряют сознание, и нужно уметь правильно выводить из обморока.

Аль-ходжами очень простая процедура, но так же имеет и противопоказания, это острые периоды любых болезней, беременность, детский возраст (детям до 20 лет делаю кровопускания только при сильной необходимости), онкологические заболевания 3-4 степени, 1-2 степени допускается, но под строгим контролем лечащего врача и обязательно после анализа крови.

Отдельной статьей идет тромбоз. В этом случае ходжами категорически противопоказана, так как в последствие, или прямо в ходе процедуры может случиться инфаркт, или инсульт. Кроме того, что может оторваться тромб, во время и после кровопускания многократно усиливается образование лейкоцитов, клеток отвечающих за свертываемость крови. В случае тромбоза есть альтернативный метод кровопускания – гирудотерапия - лечение пиявками.

Я являюсь противником «традиционной» медицины с ее медикаментозным лечением и операционными вмешательствами, и советую всем людям правильно питаться, правильно мыслить, и заблаговременно заботиться о своем здоровье. Аль-ходжами проверенное веками средство укрепления здоровья и профилактики болезней, а западная медицина - это многомиллиардный бизнес, а не врачевание.

·

http://newtimes.kz/eksklyuziv/item/26784-sirijskij-vrach-ob-yasnil-pochemu-polezno-puskat-lyudyam-krov

О медицинских знанияхЮлия Валентиновна Королевич


Медицина, наука очень сложная. Чтобы стать хорошим специалистом, учиться необходимо практически постоянно. И на мой взгляд, медицинскими знаниями, даже самыми начальными, элементарными, должен обладать каждый человек.

Я помню как в студенческие времена для меня многое становилось открытием. А синдром третьего курса, знаете о таком? Когда стали изучать "пропедевтику внутренних болезней", а потом и сами заболевания на "внутренних болезнях", казалось, что у тебя есть симптомы всех болезней....И на какую бы кафедру ни приходили заниматься, всегда что-то обнаруживали у себя самого. А еще, не знаю как у вас, а у меня был период, когда мне снились процессы происходищие в организме в той или иной ситуации. Например на 2м курсе мне снился цикл Кребса. Причем все формулы представлялись как живые организмы, вроде бактерий, которые превращались в ходе процесса в новые формулы. А первая практика-сестринская. У нас некоторые, бывало, неимоверно радовались, научившись выполнять внутривенные и внутримышечные инъекции, останавливать кровотечение, делать перевязки и т.д. Затем врачебная, когда ты начинаешь применять полученные теоретические знания на практике и вдруг понимешь, что 90% пациентов никогда не болеют как по книжке, и лечение не всегда стандартное, и что человеческий организм индивидуален.

Обладать медицинскими знаниями-это одно из высочайших привелегий человека. Но я глубоко убеждена, что начальный уровень, элементарные вещи необходимо преподавать в школе. Мне кажется, что каждый должен знать в общих чертах симптоматику жизнеугрожающих ситуаций, уметь сориентироваться в экстренной ситуации. Каждый должен уметь выполнять в/м и в/в инъекции, уметь делать перевязки. Обладая подобным минимумом, человек увеличивает шанс на выживание при возникновении экстренной ситуации.

Но есть тут и обратная сторона. Это самоуверенность. Не редко она приводит к плачевным последствиям. Оценить, верно ли принято решение и правильно ли сделаны шаги не каждому дано.

Но как бы тяжело нам не было в жизни, на работе, в случае "апокалипсиса" у нас -медиков больше шансов выжить, чем у всех остальных.

http://vrachirf.ru/concilium/19074.html

Дұрыс тамақтану деген не?АСТАНА. ҚазАқпарат - Дұрыс тамақтану кезінде де көптеген тағамдардан бас тартуға тура келеді. Бірақ, күмәнданбаңыз, адам азғасы аталған тағамдарсыз-ақ өз қалыпты сақтай алады.

Адам сенгісіз нәтижесі туралы уәде беріп, ең соңында денсаулықты құртатын диеталардан «Дұрыс тамақтану жүйесінің» айырмашылығы қандай?

Кез келген диета - бұл тамақтану рационынан адам ағзасына өте қажетті тағамдарды түгелдей немесе біртіндеп алып тастау ғана емес. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, диетаның зардабын тартатын күн туады. Ал диета аяқталып, адам күнделікті тамақтану режиміне оралған кезде, онымен бірге артық салмақтар да қайта оралады. Дұрыс тамақтану - бұл диета емес, салауатты өмір салты.

Диета - өте қиын нәрсе. Мейлі, белгілі бір уақытқа болса да, диета сақтаған кезде көптеген тағамдарды жеуге рұқсат етілмейді. Ал дұрыс тамақтану жүйесіндегі қағидаларды ұстансаңыз, сіз тек газды тәтті сусын, фастфуд және жартылай фабрикаттарды жеуден бас тартасыз.

Арықтау үшін дұрыс тамақтану жүйесін сақтау - бұл аса қиын емес бірнеше ереже мен міндеттердің жиынтығы. Кез келген әдіс 40 күн ішінде жасалатыны анық. Бұл ережелерді сақтану арқылы сіз бір жарым айда дұрыс тамақтануға ден қойып, өз ағзаңызды қалыпқа келтіресіз. Сонымен, бастайық.

Бір стакан ыстық су - таңертегісін қабылдайтын ең бірінші ас болмақ. Мейілінде, таза ыстық су ішуге тырысыңыз, себебі, ыстық су асқазанды ас қалдықтарынан тазартып, ағзадағы барлық жүйелерді бірқалыпқа келтіреді. Тек қана су ішпей, стаканға лимон шырыны мен бір қасық балды, зімбір шырын мен ұсақталған корицаны қосып жіберсеңіз де болады. Бұл қоспалар ағзадағы зат алмасуды жақсартады. Таңғы асты 15-30 минуттан соң ішу керек.

Күні бойы су ішуді қолға алыңыз. Егер рұқсат етілсе, бір күнді 2 литр таза су ішкен жөн. Әр сағат сайын бір стакан су ішуге ден қойыңыз. Сонда сіз ісінудің азайғанын, алқынудың жоғалғанын, ал тамаққа тәбет ашылғанын байқайсыз.

Бала бақшадағы секілді, күніне 4-5 рет шағын мөлшерде тамақтануды үйреніңіз. Ас қабылдау арасындағы ұзақ уақыт ас мөлшері көбейіп, тамақты артығымен жегізіп, адам аранын ашып жібереді.

Жатар алдында көп тамақ жемеңіз. Сағат кешкі 18:00-ден соң тамақ ішпеу керек деген қағиданы ұстанып, қарныңыз ашып қалмасын. Ең соңғы ас қабылдау жатардан үш сағат бұрын болуы керек. Егер сіз түн ортасында ұйықтайтын болсаңыз, кешкі асты 21-00-де қабылдаңыз.

Керек кеңес confederation.kz сайтынан алынды.

 

http://inform.kz/kaz/article/2869579

Более 40 процентов казахстанцев недовольны качеством медицинских услуг. Такие данные сегодня озвучили в фонде «Аман-саулык». Общественники опросили больше шестисот человек и выяснили, что не устраивает пациентов. Люди жалуются на отсутствие бесплатных лекарств, узких специалистов и дорогие обследования.


Бахытгуль Сайденова жалуется на медицину. Женщина уверяет, что уже устала водить в поликлинику двух своих сыновей. У старшего сыпь, и врачи, с ее слов, не могут установить причину. Младший страдает от астмы, и тоже не получает должного медицинского ухода.

БАХЫТГУЛЬ САЙДЕНОВА, жительница Алматы:
- Никакой помощи. То к гематологу направят, то еще к кому-то - никакого результата. Нам не могут даже диагноз установить. Когда я начинаю возмущаться, лечащий врач повышает на меня голос. Отношение очень грубое! Зачем так обращаться к людям?

Отсутствие возможности выбора врача, долгое ожидание на прием, недоступность бесплатных лекарств и взимание платы за услуги, которые по закону оказываются бесплатно. Вот главные проблемы сегодняшней отечественной медицины. Так считают участники социологического исследования, которое провел фонд «Аман-саулык» совместно с волонтерами. Из предложенных 12 вопросов именно эти набрали наибольшее количество негативных откликов.

БАХЫТ ТУМЕНОВА, президент ОФ «Аман-саулык»:
- Мы когда проводили социологические исследования, мы как раз брали вопрос удовлетворенности. И, получается, что удовлетворенности людей этим вопросом пока нет.

При фонде «Аман-саулык» уже восемь лет действует телефон "горячей линии". Больше всего обращений туда связано именно с низким качеством медицинских услуг. В прошлом году на это жаловался каждый третий.

ТАУХАР ТКАЧЕНКО, врач-консультант «горячей линии» ОФ «Аман-саулык»:
- Это, в основном, нехватка узких специалистов по поликлинике. Это, в основном, требование платы. То есть, нет узкого специалиста - идите платно. Хотя они имеют по гарантированному объему бесплатной медицинской помощи.

ТИМУР ЕРМАШЕВ, корреспондент:
- По словам общественников, зачастую проблемы многих возникают из-за собственного незнания отечественного законодательства в области здравоохранения. Например, в каждом медицинском учреждении есть перечень бесплатных услуг и обследований, поэтому прежде, чем заплатить за ту или иную процедуру, следует ознакомиться с этим документом. То же самое касается и лекарств, входящих в список гарантированного объема медицинской помощи. Не стоит сразу бежать в аптеку, если вам отказали в выдаче нужного вам препарата. Вместо этого лучше обратиться с жалобой в Комитет контроля медицинской и фармацевтической деятельности и, если объективной причины отказа нет, то проблема будет улажена.

- See more at: http://31.kz/video/show/id/11624/show/ib#sthash.3obJfs8b.dpuf


Назад Вперед