Ауа райы
Мерекелер

Облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы А.Әлназарованың брифингіЕлбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты жаңа еңбегін тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында, облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова брифинг өткізді.

Қазақстандықтарды жаңа белеске көтеретін, Ұлт жоспарында денсаулық сақтау саласы 80, 81, 82 қадамдарды негізге алады.
80 қадам – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (МӘМС). Негізгі мақсаты – денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыра отырып, саладағы қаржы тұрақтылығын құру және жүйе тиімділігін көтеру.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаржылық құрылымы, мемлекеттің, жұмыскер тұрғындардың, жұмыс берушілер және дара кәсіпкерлердің міндетті төлемдерінен құралады: төлемдердің жинақталу 2017 жылдан басталып, 2024 жылға дейін кезең-кезеңдік пайыздық үстемесімен жинақталады.

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында азаматтарға медициналық қызмет көрсетудің 3 топтамасы ұсынылады.
Бірінші – базалық топтама, республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Барлық Қазақстан Республикасының азаматтарына қолжетімді. Яғни, мемлекет өз міндеттемесінде ТМККК шеңберін сақтайды, оның ішінде жедел-жәрдем, жағдайлардағы медиициналық көмектер қосылады. Сонымен қатар, алдын ала егулер амбулаторлық деңгейдегі дәрі- дәрмегімен камтылған амбулаториялық-емханалық көмек.
Екінші топтама. қосымша топтамаларға – амбулаторлық- емханалық көмек; - стационарлық медициналық көмек (әлеуметтік-атаулы аурулар); стационарды алмастырушы көмек; қалпына келтіру емдері және медициналық оңалту; - палливті көмек және сестралық көмек; -жоғарғы мамандардырылған медициналық көмек жатқызылады.

Үшінші топтама – медициналық сақтандырудың бұл ерікті топтамасында, медициналық қызметтің дара түрлері, ерікті медициналық сақтандырудағы жұмыскердің немесе жұмыс берушінің төлемдеріне сай негізгі келісім шартқа сәйкес жүргізіледі.
- Күтілетін нәтижелер:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін, денсаулық сақтау саласының инвестициясы 3,1 есеге артып, қаржының тиімді бөлінуі денсаулық сақтау саласын тек қана сандық емес сапалық деңгейін көтереді.
Олар қандай мақсатта жолданады? Жалпы тәжірибелік дәрігерлер 1,8 есе, жан басына шаққандағы тұрғындарды дәрі- дәрмекпен қамтус 46$ дан 200$-ке, дәрігерлердің айлық жалақысы 2,5 есеге көтеріліп, пациенттерге оңалту қызметі кеңейеді. Медициналық сақтандырудан түскен қаржыдан, БМСК ұйымдарын қаржыландыру көлемі 2030 жылға қарай 46-66-ға, палливті көмек 4% дан 5%-ға, көтеріледі, стационарлық көмек шығындары 51% дан 31% төмендейді және экономикалық тұрғыда дамыған елдер стандарттарына әкеледі.

Сақтандыру тиімділігі не?
Тұрғындар үшін – мықты денсаулық, өмір сүру ұзақтығы, амбулаторлы деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтыдың кеңейуі, сапалы медициналық көмек және тиімсіз төлемдердің төмендеуі.
Мемлекет үшін – көпсалалы жалпы қамту, азаматтардың жауапкершілігі және қаржылық тұрақтылық, қоғам алдында жұмсалған шығындар үшін жауаптылық, жекеменшіктік денсаулық сақтау салаларын дамытуға әкелу.

қызмет көрсетушілер үшін: тиімді міндеттемелерді сәйкесінше тұрақты қаржыландырылуы; жаңа корпоративті басқару әдістерінің ендірілуіне ықпал ету; жаңа медициналық технологияларды енгізу; соңғы нәтижелерге қарай, еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру.

81 Қадам бойынша:
81 қадам аясында денсаулық сақтау саласындағы жеке меншіктік бөлікті ұлғайту саланың тиімділігіне және тұлғалық жауапкершілігіне әкелуге, тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде жекеменшіктік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу шаралары іске асады. Өз кезегінде бәсекелестік тудыра отырып, сапалы-қолжетімді медициналық қызмет алуға қол жеткізеді.
Денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруде бірінші кезекте материалдық-техникалық базасы төмен және тиімсіз деп табылғандар жатқызылады. Елді мекендегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау нысандары, мамандандырылған көмек (қан орталығы, ана мен бала денсаулығы, сәулелік медицина, онкологиялы, туберкулез, СПИД орталықтары, жұқпалы, психикалық аурулар), аймағына қарай қаладағы, аудандардағы жалғыз мемлекеттік денсаулық сақтау нысандары жекешелендіруге жатпайды.

82 Қадам бойынша:
82 қадам аясында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылады. (әрі қарай - Бірлескен комиссия).
Бірлескен комиссия міндетіне халықаралық стандарттарға сәйкес аккредитеу және түрлі сұрақтарды шешу мақсаты кіреді.