Ауа райы
Мерекелер

Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады - Н.НазарбаевАСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады. Бұл жайында Ақорда жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған.

ҚР Президенті тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет - міндетті медициналық сақтандыруды енгізу екендігіне баса назар аударған. Арқаулық медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуде жеке сектордың үлесін ұлғайту есебінен бәсекелестік орта кеңейетіндігіне және денсаулық сақтау қызметінің сапасы артатындығына аса мән берген.

«Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады. Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған. Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр», - деп жазады Н.Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, мұндай көмек табыстары отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. Сонымен бірге көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітеді.

«Әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі», - дейді Мемлекет басшысы.

 

 

Автор:Марлан Жиембай

http://inform.kz/kaz/article/2857114