Ауа райы
Мерекелер

ОҚО-да жергілікті дәрігерлер бауырды ауыстырып қондыру отасын алғаш рет өздері жасадыШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да қазақстандық дәрігерлер бауырды ауыстырып қондыру отасын алғаш рет өздері жасады.

Бауырды туыстық ауыстырып қондыру отасы Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабырғасында өткізілді. Оны 9 желтоқсанда Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығындағы әріптестерінің қатысуымен ОҚО дәрігерлері атқарды. Қазіргі кезде ота жасалған ер адамның жағдайы жақсы, оның доноры болған ағасы да өзін жақсы сезінуде. Бұған дейін ОҚО-да бауырды ауыстырып қондыру бойынша үш ота жасалғаны атап өтіледі, бірақ оларды жергілікті дәрігерлер Беларусьтегі мамандармен бірігіп жасаған.

Шымкенттегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының емханасында трансплантациялық қызмет белсенді даму үстінде. Екі жылдың ішінде мұнда бауырды алмастырып қондыру бойынша 57 ота жасалған, бұл ретте соның 29-ын оңтүстікқазақстандық дәрігерлер өздері өткізген. Қазіргі кезде ОҚО-да бауыр жетіспеушілігі дертіне шалдыққан 90-нан астам пациент бар. Олардың бір бөлігі ота жасатуға мұқтаж болып отыр.

 

http://inform.kz/kaz/article/2856890