Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?
 Көшіріп алу мына жерде zhurek-kan-tamyr.rar [653,32 Kb] (cкачиваний: 22)

Ғалымдар: Жүргізушілер ақыл-есінің кемдігі ауруына сирек ұшырайдыАСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар көлікті жүргізе білудің пайдасы зор деген тоқтамға келді. Колумбия университетіндегі зерттеушілердің пікірінше, көлікті басқару адамның ақыл-есінің кемдігі ауруының пайда болуына жол бермейді.

Бұл жүргізушінің көлікті басқарған кезде аса қырағы және өте мұқият болуы тиіс екендігімен байланысты. Бұдан басқа, көлік жүргізу адамды ұстамдылық, еркіндік сезіміне бөлейді.

Ғалымдардың айтуынша, көптеген зейнеткерлер көлік жүргізген кезде өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде есептейді.

Бұдан басқа, қария жүргізушілердің көлікті басқарудан бас тартуы олардың психикалық және моральдік жағдайына кері әсерін тигізеді. Көбі тіпті күйзеліске ұшырап жатады.

Ғалымдардың айтуынша, жас ерекшелігіне байланысты көлікті жүргізуден бас тартуға мәжбүр болған егде жастағы адамдарға көмектесу керек екен.

http://inform.kz/kaz/article/2864566

Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мұндай орталық республикада бірінші болып Қызылорда облысында іске қосылып отыр. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған 30 төсектік оңалту орталығын іске қосу үшін облыстық бюджеттен 38 млн. теңге жұмсалған.

Дәрігерлер осындай бөлімшенің ашылуы жаңа босанған аналардың денсаулығын ұдайы бақылап, оларға тиісті медициналық көмек көрсету үшін, әсіресе ана мен бала денсаулығын жақсартуда септігі мол дейді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Денсаулығы нашар, ауыр халдегі және босанғаннан кейін де медициналық көмекке зәру аналарды үйіне жібермей осы бөлімшеде емдейміз. Сонымен қатар, орталықта жас аналар мектебі жұмыс істейді. Баланы күту, отбасын жоспарлау сияқты мәселелерде мамандар кеңес беріп отырады. Алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында осындай оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда, - дейді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Ләйлә Құлтаева.

Перинаталдық орталықта қазір 273 әйел ем алуда. Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында орталыққа облыс әкімдігі тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп келеді. Тек қана 2015 жылдың өзінде 91 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынған. Сонымен қатар, жүкті әйелдер үшін арнайы тіс емдеу бөлімшесі де іске қосылған.

Ана мен бала орталығының тағы бір жетістігі жақында медициналық-генетикалық бөлімше ашылды. Енді дәрігерлер соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың көмегі арқылы ерте мерзімінде, яғни нәресте туылмай тұрып оның денсаулығын тексере алады. Демек, дені сау ұрпақты дүниеге алып келуі үшін жүкті әйелдерге дер кезінде бағыт-бағдар беріп отырады. Медициналық тілмен айтқанда жүкті әйелдерді генетикалық скринингтік тексеруден өткізуге мүмкіндік алды. Бұл орталықта Израиль мемлекетіне барып, біліктілігін арттырып келген мамандар жұмыс істейді.

Жаңа технологиялардың арқасында қазір дәрігерлердің де жұмысы біршама жеңілдеген. Қазір облыстық ана мен бала орталығында аймақтың барлық елдімекендеріндегі жүкті әйелдердің жағдайына қатысты мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндік туды. Орталықтандырылған бұл жүйе арқылы денсаулығында ақауы бар немесе жүктілік кезеңі ауыр өтіп жатқан әйелдер үнемі мамандардың бақылауында болады деген сөз.

Бүгін орталықтың жұмысымен танысу үшін арнайы барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қандай жағдай болмасын ана мен бала денсаулығы үшін барлық қолдау көрсетілетіндігін айтты.

«Кез келген уақытта ана мен баланың денсаулығын жақсарту үшін, оларға жағдай жасау мақсатында біз барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз. Денсаулық сақтау саласына қажет, әсіресе ана мен балаға керек көмек көрсетіледі, тиісті қаражат та бөлінеді. Бірақ қолдауға сай дәрігерлердің жұмысының да нәтижесі болуы тиіс», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Автор:Елубай Әуезов

http://inform.kz/kaz/article/2864435

Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)

В США создали «умные» бинты, которые сами ухаживают за раной (ВИДЕО)АСТАНА. КАЗИНФОРМ - В США создали инновационные бинты, нашпигованные электроникой и лекарствами. Эти медицинские средства будут заботиться о ране, на которую их наложат, без помощи человека.

Разработка исследователей из Массачусетского технологического института представляет собой прочный бинт из гидрогеля, который достаточно гибок и не стесняет движения. В нем встроены инновационные датчики, которые следят за температурой кожи и автоматически выпускают лекарство против инфекций.

Гидрогель на 90% состоит из воды и спроектирован так, чтобы повторять свойства человеческой кожи. Материал создает сильную взаимосвязь с такими материалами, как титан, алюминий, силикон, керамика, золото и другими веществами, которые обычно используется при создании электронных компонентов. Титановые провода, идущие сквозь гель, делают бинт токопроводящим, позволяя внедрять в него электронные устройства, например, полупроводниковые чипы. Также в нем установлены светодиоды, они загораются, когда температура в ране достигает определенного предела или кончаются лекарства. Резервуары под лекарства созданы в геле и доставляются в рану по специальным каналам.

Как отмечает Росбалт, в дальнейшем ученые планируют сделать так, чтобы бинт дистанционно предупреждал доктора, если ране требуется срочная квалифицированная помощь.

Тем временем, «умный» бинт будут тестировать на ожогах, которые требуют постоянного медицинского наблюдения и имеют высочайший риск инфекции, передает«Популярная механика».

http://inform.kz/rus/article/2863753


0

ҚЫТАЙДА БАС АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ (ВИДЕО)Бүгін Қытайда маймылдың басын ауыстыру операциясы жасалды. Отаны италяндық хирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық әріптесі Жэнь Сяотин өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы RT-ға сілтеме жасап.

Басы ауыстырылған маймыл ота өткен соң 20 сағат өмір сүрді. Сосын дәрігерлер оны ұйықтатып тастаған.

«Біз қаншама сын-пікірлерге қарамай оларға лайықты жауап бергенімізге қуаныштымыз. Мұндай операцияға сенбейтіндер көп еді», - дейді Канавероның өзі.

Оташы 2017 жылдың желтоқсан айында әлемде тұңғыш рет адамның басын ауыстыру бойынша операция жасамақ. Хирургтің көмегіне ресейлік IT маманы Валерий Спиридонов жүгініп отыр.

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/4728


“ЕМШI” ДЕСЕ ЕЛЕҢДЕП...

Халық емшiлерi хақында бiрер сөз

Емшiлiк, сәуегейлiк, көрiпкелдiк, бақсылық секiлдi туа бiттi қасиет иелерi қай қоғамда да болған. Кешегi ата-бабамыздың көшпелi тұрмыс-тiршiлiгiнен сыр шертетiн аңыз әңгiмелер мен батырлар жырында, ертегi мен жыр-дастандарында да жұлдызға қарап санайтын, болашақты алдын ала болжайтын тылсым күш иелерi жиi ұшырасады. Тiптi, жарық дүниеге келген нәрестенiң ертеңгi күнi елiн, жерiн қорғайтын ержүрек батырға айналатыны жайлы сүйiншi хабар да ерекше қасиет бойына дарыған дуалы ауыздан тарап отырған. Халық арасында мұндай жандардың аса құрметтi, беделдi, сыйлы тұлғалар қатарынан көрiнуi тектен-тек емес екенi осыдан аңғарылмай ма?!

Қазiр ше? Не көп, емшi көп. Аяқ аттап басқан сайын өзiн-өзi насихаттаған емшiлердiң хабарландыруынан, газет-журналды ашып, теледидарды қосып қалсаң аты беймәлiм, толып жатқан көрiпкел, балгер, құмалақшылардан көз сүрiнедi. Апта сайын жаңа есiм. Бұған "Рахат” телеарнасындағы "Жұмадағы жүздесу” хабарын көрген талай көрермен куә болды да. Бiр хабарда кемiнде екi-үш емшiден таныстыратын телеарна емшiлердiң жекеменшiк арнасына айналып бара жатқандай ма дерсiң. Қандай құдiреттi күш екенi белгiсiз, телеарна студиясына шақырылған қайсыбiр емшiнi алсаңыз да, жазбайтын, емдемейтiн аурулары жоқтың қасы болып шығады. Оның үстiне жауыннан кейiнгi саңырауқұлақтай қаптаған емшi қауымымен әдемi байланыс орнатқан телеарна журналистерiнiң сөзiне де көрерменнiң сенбеуiне лажы жоқ. Содан кейiн де алыс шалғайдағы елдi мекендерден ат арытып келетiндер қажет болса, ол емшiнiң қайда тұратынына да қарамай, iздеп жатады.
Жасыратыны жоқ, "емшiлердiң” жарнамасын жасауға газет-журналдардың да ықпалы өте зор. Осы тұрғыда кейбiр басылымдар өзiнше тосын "сенсация” жасаймыз деп халықты сергелдеңге салып қойғанын бiле бермейдi. Сайып келгенде, "аңқау елге арамза молдалар” қарапайым халықтың қалтасын қағып, соңғы жиған-терген нәпақасына дейiн сорып отыруды табысты кәсiп көзiне айналдырып келедi. Жақында бiр газетте журналист емшiлiкпен бар-жоғы екi жылдай шұғылданып келетiн Сайлаухан Әуелбаеваның айрықша талантты емшiлiгi туралы жаза келе, "басқа емшiлерден басты айырмашылығы – кез келген ауруды емдей алатындығында” деп ел-жұртты елең еткiзiптi (Менiңше, емшiнiң көбi: "жазбайтын ауруым жоқ” дейдi. Д.М). Оның сөзiне сенсек, емшi бақайшықтан басқа дейiн тура диагноз қоятын көрiнедi. "Отыз тiстен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды”, демекшi, осы газеттегi мақаланы шолып шыққан жер-жердегi оқырманның көрсетiлген анықтама телефонына хабарласуға асыққаны рас. Сайлаухан емшi жайындағы мақаланың жарияланғаны мұң екен, жанына шипа iздеген бiр ағайымыз әйелi екеуi араға уақыт салмай Республикалық халық медицинасы орталығына тартып отырады. Барса, бiр бүгiн емес, талайдан мазалап келе жатқан дертiн баса айтпай, өмiр-ғұмырында бетпе-бет келмеген ауруларды тiзе жөнелiптi. Сайлаухан емшiнiң дөп түспеген "диагнозын” естiген олар төбе шаштары тiк тұрып, жандәрмен күй кешедi. Не iстерiн бiлмей, "диагнозды” анықтағысы келiп УЗИ аппаратына түссе, Сайлаухан емшiнiң Құдайдың сөзiндей айтқан ауруынан құлан таза екенiне көзi жетедi. Бiр қызығы, екеуiне жан түршiгерлiк "диагноз” қойып, жүрегiн тас төбесiне шығарып, жоқ ауруды таңып берген емшi әрқайсысынан бес мыңнан он мың теңге қағып алған. Былай қарағанда, бұл сау адамды науқас қылумен бiрдей ғой.
Мiне, дәл осындай оқиғалардың бiрiн емес, бiрнешеуiн естiген соң әрiге дәтiм шыдамай Республикалық халық медицинасы орталығына әдейi ат басын бұрдым. Iшi-сырты жұпыны екi қабатты ғимаратқа енгеннен-ақ, еңсемдi бiр қара күш езiп тастағандай әсерде қалдым. Ұзақ жылдан берi жөндеу көрмеген үйдiң ұзынсонар дәлiзiнде демiмдi iшiме тартып келемiн. Мойнымды кезек-кезек бұрып есiк сыртындағы емшiлердiң аты-жөнiне көз жүгiрттiм. Бiр есiк те бос емес. "Пәленше, түгенше”, "халықаралық дәрежедегi емшi” деп атақ-дәрежесi мен қалта телефонына дейiн тәптiштеп жазып қойыпты. Бәлкiм, бұл қай емшiге кiрерiн бiлмей ойланып-толғанып жүрген адамдардың бiр тоқтамға келуiне септiгiн тигiзер деген ойдан туындаған шығар, кiм бiлсiн?! Ғимараттың екiншi қабатына көтерiлдiм. Күңгiрт дәлiздiң жамбасқа батар суық отырғыштарында кезегiн күтiп, есiкке телмiре қараған адам көп. Жасы мен кәрiсi де, еркегi мен әйелi де осында. Олар есiк жағалап келе жатқан маған "Жап-жас боп емшiлердiң орталығына келуiңе не жорық?..” деген таңданыспен қарайтын сияқты. Мен де жұрттың қарасы көп есiкке аяңдадым. Қарасам, "Академик Сайлаухан. Құрметтi халық емшiсi” деп жазылыпты. Емшiнiң еншiсiнде бiр емес, үш бөлме (емдейтiн жерi болса керек) бар екен. Және басқа есiкке қарағанда, мұнда кезекте тұрған адам да жетерлiк. Iштей журналистер бұл емшiге талай "клиент” жинап берген болды ғой” дедiм де, суық отырғыштың бұрышына жайғастым. Қарап отырғанша жанымдағы кiсiлермен шүйiркелесудi жөн санап, "Қайсы емшiге кiрерiмдi бiлмей басым қатып тұр едi, ақыл-кеңес қоспайсыздар ма?” деп едiм, алпысты алқымдаған апа: "Шырағым, осы жердiң өзi толып жатқан емшi екен ғой. Бiздiң де бастапқы кезде ойымыз сан-саққа жүгiрген. Бiреуi Құранмен емдейдi, ендiгi бiреуi сумен ем-дом жасайтын көрiнедi. Әйтеуiр, мына Сайлаухан емшi газетке шығыпты деген соң, жақсы шығар деп келiп отырмыз” деп күмәндi ойын күстаналай жеткiздi. Қысқасы, Қызылорда облысынан ат арытып келген апам "қайсысына кiрсең де өзiң бiл” дегендi меңзегендей болды. Содан не керек, Сайлаухан емшiнiң есiгiне кезекке тұрдым. Сүт пiсiрiм уақыттан соң, әңгiме бастаған оң жақ қапталымда отырған ердiң жасы елудiң о жақ бұ жағындағы ел ағасы өзiнiң таңертең ғана пойыздан түскендiгiн және барар жер, басар тауының жоқтығын уайыммен айтты. Сөйтсем, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан жеткен ағаның мұнда қона жататын туысы жоқ екен. "Ендi қайтем, келген соң емделуiм керек қой. Бiрдеңе ғып арзан қонақ үй iздеп, сонда аялдаймын да” деп артынша өзiн-өзi жұбатып қойды. "Аға, не сонда, Маңғыстау өңiрiнде емшi жоқ па?” деп сұрап едiм, "Емшi көп қой. Бiрақ мына кiсiнi газетте бiлмейтiнi жоқ деп жазыпты. Соған бола келдiм” деп әлденеден үмiттi жандай жауап қайырды. Бiраздан соң, әлгi ағам өзiн мазалаған жайттың шетiн шығарып: "Айтпақшы, бұл кiсi бiр кiргенiңе қанша сұрайды екен? Мүмкiн, бергенiңдi алатын шығар, ә? Негiзiнен көп емшi солай ғой” дедi емге үзбей қатысып жүргендерге жұмбақ көзiмен қарап. Бiр келiншек тұрып: "Әдепкiде, яғни, диагноз қойғанына 5 мың теңге алды. Қазiр емiне бөлек төлеп жатырмыз. Сiздiң егер жағдайыңыз келмесе, телефон арқылы да ем алуға болады. Мұны емшiнiң өзi түсiндiрiп бередi” деп емдеудiң жаңа заманауи "тәсiлiн” таныстыра отырды. "Телефон арқылы қалай емдеуi мүмкiн?” деп сенер не сенбесiн бiлмей, басын шайқап отырғанда ағаның көптен күткен кезегi де келiп, iшке ендi. Сөйткен аға алатын ем-домына 33 мың теңгенi алдын-ала төлеп шығыпты. Кемiнде он бес күн аялдайтын баспанасы бар, жүретiн жолы және iшiм-жем тамағы бар, қаншама қаражат кетедi. Өзiмше есептеп бақсам, анау Маңғыстаудан "Сайлаухан емшiден шипа тiлеп, жазылып кетермiн” деп келген аға жинаған қазынасын ортайтып, бiраз ақшаны арқалап келген сияқты.

ЖАСЫМ ОТЫЗҒА КЕЛМЕСЕ ДЕ, САУ-ТАМТЫҚ ЖЕРIМ ЖОҚ ЕКЕН...

Iле-шала артынан мен де кiрдiм. Бiресе өзiме, бiресе қолыма жалтақтай қараған емшi: "Қызым, саған толыққанды диагноз керек пе, әлде басқа сұрақпен келдiң бе?” деп сөйлей жөнелдi. "Негiзi мен қай жерiмнiң ауыратынын бiлейiн деп едiм. Соны айтып берiңiзшi..” деп өтiнiш бiлдiрдiм. "Мына үстелге 5 мың теңге қойсаң, бәрiн айтамын. Қалғанын сосын шетiнен төлей бересiң. Тiптi болмаса, қазiр ақшаңды берiп кет. Диагнозыңды телефонмен айта саламын” деп тiкелей шаруаға көштi. Бұдан бұрын да "ставкасы — 5 мың теңге екен” дегендi бiреу-мiреуден естiсем де, еш мойынсұнбаппын. Содан, "Шыны керек, 5 мың теңге екенiн бiлмедiм. Көп емшiлер бергенiңдi ала бередi ғой. Сiздi де солай шығар деп ойлаппын. Бар болғаны мың теңгем бар едi, ауруымды сол ақшаға ғана шақтап айтып берiңiзшi...” деуiме тура келдi. Алдына келген қалтасы жұқалтаң алғашқы клиент болдым ба, бiлмеймiн, Сайлаухан емшi: "Неге телефонмен хабарласқанда, ақшасын сұрап алмадың? Жәй бiр емханаға барсаң, бiр томографияға 25 мың теңгең кетедi. Емделгiң келсе, ақшаң жүз мыңдап шығады. Өзiм дәрiгердiң диагнозын да қажет етпеймiн. Бар болғаны 5 мың теңгеге басыңнан аяғыңа дейiн түгел ауыратын жерiңдi, дуа бар ма, жоқ па, бар болса қалай жасалғанын, үйiңде жамандықтың бар не жоғын түк қалдырмай айтып беремiн. Сен мың теңгеге айтыңызшы дейсiң, қазiр сөйлесем тоқтай алмаймын ғой...” деп ренжулi қабақ танытты да, "мың теңгелiк диагнозды” айта жөнелдi.
"...Бiр басыңның өзiнде айтатын нәрсе көп. Қазiр омыртқаңды, асқазаныңдағы ахауды көрiп тұрмын. Басыңнан зақым алыпсың. Бiреулердiң қоршауында қалып, қатты қорқыпсың. Басың, бүйрегiң, өтiң ауырады. Бел омыртқаң, сегiзкөзiң де дұрыс емес. Екi аяғың шымырлап тұр. Және екi аяғыңнан қатты боран көрiп тұрмын. Суық алған. Тамақ саған дұрыс сiңбейдi. Құлағың ауырады. Алқымыңды қалқан бездерi қысады да, ауа жетпей қалады. Өзiң жап-жассың, ал өңiң қандай сұп-сұр. Оның бәрiнiң причинасы бар. Емделу керек. Ақшам жоқ деп жүре берсең, өзiңдi құртасың. Ал егер дәрiгерге барсаң, ақшаң неше есе шығып кетедi. Оның өзiнде олар дұрыс диагноз қоя алмайды. Олар бiр ғана ауруды емдейдi де, шипасы дари бермейдi. Себебi, оған ауру басқа жақтан келгендiктен, бiр-бiрiмен байланыстыра емдеу қажет” деп сау-тамтық жерiмдi қалдырмады. Аз жасымда осыншама аурудың түрiн көтерiп жүрсем, 50-60 жастағы қарттық меңдей бастаған аға-апаларымның халi нешiк? Ойладым да, шошып кеттiм. Алайда, өне бойымда аздап суықтың бары сезiлсе де, бұған дейiн басымның зақым алғанын, өтiм сыздап, омыртқамның батыра ауырғанын байқай қоймаппын. Денем тiтiркенiп, бiр түрлi қорқыныш билеп алды. Бұл ғимаратқа алғаш кiргендегi екi иығымның түсiп кеткенi түк емес екен, мынандай "диагнозды” естiген соң орнымнан тұра алмай, аяғым алға бастырмай сарыуайымға баттым.
Емшiнiң сөзiне сенсек, егер жол жүрiп, уақытыңды зая өткiзгiң келмесе, алыста жатып-ақ ұялы не жәй телефонына хабарласып ем қабылдауға болады екен. Тiптi, телефон арқылы үйдiң, темiр тұлпардың iшiне дейiн аралап, жамандықтан тазартатын "СайлауСуды” дайындап бередi-мiс. Ол ол ма, халықаралық дәрежедегi емшi: "Маған Греция, Франция, т.б. шет мемлекеттерден телефон арқылы байланысқа шығып, ем алатындар бар” деп сенiмсiз отырған менi иландыруға тырысты. Егер телефонмен сөйлесiп, дертiңнен "айығып кетем” десең, Сайлаухан Әуелбаеваның арнайы есеп-шотына қажеттi ақшаны аударып отырсаң болғаны. Мiне, қызық! Жаңа технологияның пайдасы қайда жатыр? Үйiңде жатып-ақ ем ала бересiң, оның ақысы емшiге әп-сәтте түсiп отырады. "Құда да тыныш, құдағи да тыныш”.
Ертедегi халық емшiлерi қандай сырқатты жазса да, ақы сұраған емес. Емделушiнiң бергенiне риза болып, кете берген. Қазiр ше? Жаңа ғасырдың "халық емшiлерi” белгiлеген "ставкасын” бетiңе былш еткiзiп айта салудан шiмiрiкпейтiн болыпты. "Алланың өзi де рас, сөзi де рас” деп Құранды оқып, Аллаһтың атымен "диагноз” қоятын кейбiр "емшiлер” қара халықты түзу жолдан тайдырып, адастырып жүрген жоқ па, осы? Шын мәнiнде, академик, халықаралық дәрежедегi емшi – Сайлаухан Әуелбаеваға өз аяғымен келген немесе телефонмен хабарласқан көңiлi күптi жан сырқатынан айығып кетiп жатыр ма?! Қойған диагнозы ше? Оның нақты екендiгiн немен дәлелдейдi? Емделушiнiң әр емге жырып төлеген ақшасының желге ұшпауына кепiлдiк бере ала ма? Осы сынды жауапсыз сұрақ көп. Бiрақ, неге екенi белгiсiз, жанына шипа iздеген жұрт дәрiгерге емес, емшiнi, көрiпкелдi, құмалақшыны жағалайтынды әдетке айналдырған. Сөйтiп жүрiп, алтын уақытын бос жiберiп алғанын, бас-көзi жоқ ақшаны мақсатсыз жолға жұмсағанын кеш түсiнiп жатады.

"ҚЫЛКӨПIР” – ЖОЛБИКЕЛЕРДI ӨТКIЗБЕЙДI

Сөз жоқ, халық емшiлiгi ата-бабалардан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тектiк қасиет. Кешегi жазба мәдениетiмiз мен медицинамыз дамымаған кезеңде бақсы-балгер мен емшiлер кез келген iндеттiң алдын алып, бетiн дер уақытында қайтарып отырған. Өзiнiң киелi өнерiн мұрагерiне ауызша жеткiзген олар ерекше қасиетi арқылы талайдың жанына сауға боп, өмiрiн сақтап қалған. Сондықтан да халық осы тектес нағыз емшiлердiң табиғат сыйлаған дарынына тәнтi боп, мойындап, қоғамның белдi мүшесi ретiнде санаған.
Ал бүгiнде, әсiресе, қаржы қыспағы алқымнан алған уақытта саны бар, сапасы жоқ емшi қауымына лек-легiмен қосылып жатқандарда есеп жоқ. Бұған бұрын "Рахат” телеарнасы арқылы көз жеткiзiп жүрсек, ендi "Алматы” телеарнасындағы ресейлiк "Битва экстрасенсов” бағдарламасының көшiрмесi iспеттес "Қылкөпiр” хабарын қарасаңыз жетiп жатыр. Қазiргi кезде байқаудың екiншi кезеңi басталып кеткен. Әйтiп-бүйтiп бiрiншi кезеңнен екi жеңiмпаз iрiктеп алынды. Алайда, қаншама емшi өзiне деген сенiмдiлiкпен қатысып отырса да, берiлген тапсырманы дөп басып тауып, көрермендi ерекше таң қалдырып жатқанын байқамадық. Сол кездерде "Бұларға да аңғал халық сенiп жүр ғой” деп iштей ызаландық та. Әрине, хабарды бастағаннан кейiн, оны соңына жеткiзу мәселесi тағы бар. Бiрақ, байқауға қатысуға ниет бiлдiрген "емшiлердiң” қай-қайсысы да "Қылкөпiрдiң” ғұмырлы болуына емес, керiсiнше қысқа қайыруына әрi мазмұнсыз өтуiне алып келе жатқан сияқты. Бiрiншiден, бұл хабардың нәтижесiнде әдеттегiдей нәпақаның iзiн қуған сансыз "емшiлер” жарнамаланса, екiншi жағынан, қарапайым көрермен де бiлдей "Халық емшiсi” деген атақты ақ тер, көк тер болып арқалап жүрген жасампаз емшiлердi айыра бiлетiн жағдайға жеттi.
"Қылкөпiр” хабарының редактор-жүргiзушiсi Досан Қызайбекұлымен тiлдескенiмiзде, "Хабардың мақсаты – емшiлердi дәрiптеу де жамандау да емес. Көрерменнiң өзi хабардың әр санын қарап отырып, шындыққа көзiн жеткiзетiн болады” деген-дi. Оның айтуынша, емшiлердiң бiршамасы байқауға қатысуға өзi ниет бiлдiрсе, көбiсiн бiз бас сұққан республикалық халық медицинасы орталығы ұсынады екен. Соның арасында жүргiзiлген iшiнара iрiктеудiң нәтижесiнде байқау үмiткерлерi шығады. Айтпақшы, "Қылкөпiрдiң” бiрiншi кезеңiнде сынаққа түскендер өзiн нағыз емшi ретiнде көрсете алмай, сүрiнбейтiн жерде мүлт кеткенмен, олардың емшiлiк беделiне нұқсан келмеген сияқты. Сондай көңiл қаларлық осалдықтарын бiлдiрiп қойса да, толып жатқан атағының арқасында қызметiн әрi қарай жалғап, орталықтағы жылы орнын суытқысы келмейтiндей. Сенбесеңiз, халық медицинасы орталығына барыңызшы, "Қылкөпiрден” ұшып кеткен экс-үмiткерлердiң бейқам түрде сырқаттарды қабылдап, емдiк шараларын жасап, "шипа сыйлап” жатқанын өзiңiз көрiп, куә боласыз. Басыңызды шайқап, "Ей, аңқау халқым-ай! Неткен көрсоқыр едiң!” деп айқайлап жiберуге шақ қаласың. Бiрақ, амал нешiк, имандай иланып алған жұрттың көкiрек көзi ашылмайынша, сендiру қиынның қиыны.

Осыдан кейiн Құран ұстап өздерiн құдайшыл ретiнде танытуға әуес басына ақ сәлде оранған кейбiр дүмше молдалар мен сауатсыз емшiлер халықты имандылық жолына салудан гөрi, одан безiндiруге үлесiн қосып жатыр ма деп үрке шошимын. Шынында да, "Аллаһтың ақ жолын таңдадық” деген солардың өзi дiндi бiлiм мен ғылымның емес, нарықтың көзiне айналдырып алған жоқ па? Республикалық халық медицинасы орталығына барып, бәрiне өзiм көз жеткiзгелi берi осы бiр күмәндi ой күндiз-түнi басымнан шықпай қойды.

 

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

«Түркістан» газеті

ДЕНСАУЛЫҚ: Безеуден құтылуға көмектесетін 5 тағамАСТАНА. ҚазАқпарат - Егер бетке безеу шықса, бүгіннен бастап, дұрыс тамақтану қажет деген сөз. Тамақтану мәзірін реттеу арқылы, безеуден құтылуға болады. Ал ол үшін безеуді кетіретін 5 азық-түлік көмектеседі.

1.Таза су.Теріні сау әрі жас етіп сақтау үшін, су ішкен дұрыс. Сонымен қатар, қандай да бір газдалған сусын ішпеңіз. Күніне басқа да сусындар мен сорпаны есептемегенде, кем дегенде 8 стакан су ішіңіз. Су безеуден арылтатын ең негізгі құрал болып саналады. Оның үстіне, су тері жасушаларын жаңартады.

2.Зәйтүн майы.Тамақты зәйтүн майымен дайындау қажет. Бұл көптеген артықшылығы бар керемет тағам. Зәйтүн майы теріні безеуден тазартады. Ал оның ең негізгі қасиеті - май қышқылдарының ішіндегі табиғи, тазасы екендігінде.

3.Көк шай.Асқынуға қарсы химилиялық элемент катехиннің негізгі көзі болып табылады. Бұл зат теріні безеуден арылтуға көмектеседі. Тері жасушасының бұзылуына әкелетін еркін радикалдардың алдын алады.

4.Бидай және жаңғақтар.Бұл тағамдар тері жасушаларының саулығына әсер ететін селеннің негізгі көзі. Селен бұзылған тері жасушаларын қалпына келтіріп, безеуді кетіреді. Ал жаңғақтарда теріні жұмсақ әрі тегіс ететін омега-3 майы бар. Бұл тағамдарды тамаққа қоссаңыз, безеуден де құтыласыз, теріңіз де жасарады.

5.Ет пен балық.Ақуыздың ең негізгі көзі. Ақуызға бай тағамдарды пайдалану арқылы безеумен күресуге болады. Күнделікті тамақтану мәзірінде ақуыз міндетті түрде болуы керек. Бұл теріні жұмсақ әрі тегіс етіп қоймай, сын-сымбатыңызды жақсартуға көмектеседі. Өйткені, зерттеулерге сүйенсек, ақуыз артық салмақтан арылтады.

Керек кеңес confederation.kz сайтынан алынды.

http://inform.kz/kaz/article/2863000

ДЕНСАУЛЫҚ: Энергетикалық сусындардың зияныАСТАНА. ҚазАқпарат - Қаладағы өмір ырғағы оңай емес. Таңертең әрбір жүргізушінің ұйықтап отыратыны да анық. Сергек болудың ең оңай әрі қолжетімді әдісі - энергетикалық сусын ішу. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, күніне 300-500 мл-ден көп болмаса ғана, энергетикалық сусындардың ағзаға зияны аз болады.

Энергетикалық сусындардың құрамына кофеиннен бөлек, таурин, инозит, аминқышқылдары, рибоза және дәурмендер секілді микроэлементтер кіреді.

Дәрігерлер энергетикалық сусындарға зерттеу жүргізіп, шындыққа көз жетізді. Энергетикалық сусын құрамында кездесетін кофеин жүрек соғысының жиілігін азайтатын тахикардия ауруына «жол салады». Энергетикалық сусындарды ұзақ уақыт пайдалансаңыз, артериалды қан қысымы көтеріледі. Балалар мен аяғы ауыр әйелдерге және қарт адамдар мен гипертониясы бар жандарға бұл сусынды ішуге мүлде болмайды.

Алкоголь араласқан энергетикалық сусын өте қауіпті. Бұл қоспа ағзаны демде сергітеді, алайда ағзаға үлкен қауіп төндіреді.

Мамандар таңертең сергек болудың өзге жолдарынұсынады. Душ пен сүйікті әніңізге жаттығу жасау жақсы әсер етеді. Медицина мамандары кофеин қосылған сабынмен суға түсудің әсері мол екенін айтады. Мұндай әдістер екі кесе кофе ішкендей әсерде қалдырады. Егер сіздің жаттығу мен душ қабылдауға уақытыңыз жоқ болса, құрамында кофеин бар көк шай ішкен дұрыс. Ал таңертең ұйқыдан сергек оянудың ең оңай жолы - жеті сағат бойы жақсылап ұйықтау.

Мақала confederation.kz сайтынан алынды.

http://inform.kz/kaz/article/2862612

«Дәрігер алдымен науқасқа адамдық көзқараспен қарауы керек»Eрнияз ОМАРОВ,

Республикаға еңбегі сіңген дәрігер:

- Аға, ақ халатты абзал жан атануға не түрткі болды?

- Енді біз соғыс жылдарының балаларымыз. 1932-33 жылдары ашаршылық кезі­нде дүниеге кел­дік. Сол жылдар еміс-еміс болса да, менің есімде. Әкеміз әскерге кетті. Анамыз – колхозда. 6-7 жаста­ғы баламын. Соңымнан ерген Қали деген інім екі жаста болатын. Қаршадай бала болып жүріп, соған қарайтынмын. Қали мазасызданып, жылайтын.

Науқастанды. Ішін бассам, ішінде екі ісік бар сияқты. Сөйтіп жүр­генде інім Қали қолымда қаза тапты. Қайғысы қатты батты. Егер мен дәрігер болғанда, Қалиды аман алып қалар едім деген ой болды.

Содан 1947 жылы техникумға түстім де, үш жылдан кейін қызыл дипломмен тамамдап шықтым. Одан соң алты жыл мединс­титутта оқыдым. Оқып жүріп, сол институтта жұмыс істе­дім. Сол хирургиялық инс­титуттың директоры Гавриил Кириллович оқуымды аяқ­тағасын, 200 сом берді. «Осында қал» деп те қолқа салды. Бірақ ауылдағы әкем соғыстан кейін елдің жағдайы жырым-жырым болып кетті, қайт деді. Сөйтіп ауылға кел­дім. Жедел жәрдемде жұмыс істедім. Кейіннен қалалық денсаулық сақтау басқармасында 8 жыл бастық болдым. Барлық халыққа қолымнан келгенше бір адамдай көмектестім. Осы біз отырған қалалық аурухананың кірпішін бірге қалап, бас дәрігері болдым. Он бес жыл осында қызметте­ болдым. Аурухана құрылысын Шымкенттегі «Нефтьстрой» деген компания 1974 жылы бітірді. Сөйтіп оларға разылығымызды білдіріп, екі «Жигули» мінгіздік. 1982 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына бас­ш­ы болдым. 14 жылдай сол лауазымды атқардым. Айтқандай, 1974 жылы «Іштен кеміс туған балаларды оперативтік-консервативтік тұрғыдан емдеу»­ тақырыбында кандидаттық қорғадым. Қазір жасым 86-ға келсе де, қалалық ауруханада науқастарды қабылдаймын. Әсіресе кішкентай балалар­ды көп әкеледі.

Балам, мен жаман дәрігер болған жоқпын. Халыққа қызмет көрсететін денсаулық саласын жақсарту үшін біраз тер төктік. Аудандарда орталықтандырылған 3 аурухана аштық. 29 учаскелік аурухана, 16 дәрігерлік амбула­тория да ашылды. Кадрлар дайын­дадық. Таза ауызсумен қамтамасыз етуді бірінші орындағы мәселе ретінде қарасты­рдық. Бірақ былтыр ғана шешімін тапты. Қиын кездерді де бастан кешірдік. 1978 жылы жұрт жаппай сары аурумен ауырды. 2-3 айдың ішінде 60-70 мың адам сары аурумен келіп түсетін. Тағы не сұрағың бар?

- Аға, жаңа кадр дайындау туралы айтып­ қалдыңыз. Қарамағыңыздағы қызметкерлерге қандай талап қоятын едіңіз?

- Шырағым, ол кезде талап біреу-ақ болатын. Жақсы дәрігер атану. Гиппо­крат антына адалдық таныту. Жаңа туған­ інімнің жағдайын айттым ғой, сол сияқ­ты дәрігерлерде ой болғаны жөн. Ең бірінші, дәрігер адамға адамдық көз­қараспен қарауы керек.

- Ота жасаған кезде қандай сәтті бастан­ өткізесіз?

- Дәрігер деген маман иесі күн сайын­ оқып отырғаны жөн. Күн сайын. Бір күн оқудан қол үзіп алмауы шарт. Медицина жетістіктерін жетік білуі керек. Оқып отырғаны, ізденіп отырғаны ләзім. Онсыз­ тірлік болмайды. Аурудың «судьбасын» дәрігер шешеді. Науқасқа ота жасау керек пе, керек емес пе?! Қазір компьютер, томография, УЗИ деген бар. Бұрын оның біреуі де жоқ-тұғын. Клиникалық ойлаумен дөп басып­, операция жасайтын едік.

- Балаларыңыздың барлығы дәрігер. Оларға маман ретінде көңіліңіз тола ма?

- Жанұямыздың бәрі дәрігер. Төрт балам осы салада, біреуі ғана экономист. Екеуі – ғылым кандидаты, екеуі – дәрігер. Бір ұлым қайтыс болды. Бәріне де бір талап.­ Ол – жақсы адам болу. Өз мамандығын жақсы игеру, халыққа медиц­ина­лық қызметті жоғары деңгейде көрсету.

- Қазір дәрігерлер туралы небір әңгіме айтылады. «Ақша бермесең, дұрыс қарамайды» деп жатады. Бұған не дейсіз?

- Гауһар, айналайын, мына сен сияқ­ты журналистер көлеңке бетін тере беретін­ болса жағдай қиын. Дәрігерлер келген науқасты кері қайтармайды. Бәрін қабылдап, көмегін көрсетіп жібереді. Дәрігерлерге көзқарас облыстық, республикалық деңгейде онша емес. Азын-аулақ айлығына риза болып, акушерлер операция үстелінде тұрады. Олардың жұмысын қалай баға­ламайсың? Сақшы болып, кірпік ілмей кезекші болып тұрған дәрігердің еңбе­гін дәрігер ғана біледі. Қалай болса солай, дәрігерлер жаман деп айта салу – оңай. Басынан өткізген адам ғана біледі, мамандықтың машақатын. Жаман­ дәрігер болған жоқпыз. Соның арқасында Сырдария ауданының, Қызылорда қаласының құрметті азаматы атандық.

- Бағана іштен кеміс туған балаларға қатысты кандидатық қорғадым дедіңіз. Мұндай жағдай неден болады?

- Дүниежүзі бойынша іштен кеміс туған балалар дәл осы себептен сондай жағдайға ұшырайды деп ешкім дөп басып­ айта алмайды. Қалай екенін, неден­ екенін ешкім білмейді. Мұндай балалардың үлесі дүниежүзінде – 0,3 пайыз.­ Біреуінің ойы қисық болып туылады, біреуінің аяғы қисық болып туылады. Біздің облысымызда да бар мұндай бала­лар. Келіп көрініп жатады.­

- Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтанд­ыру енгізіліп, оған жұрт жарнапұл төлейді деп жатыр. Мұның тиімділігі қандай?­

- Қиын сұрақ.

- Екінің бірінің қалтасы көтере бермейді.

- Айту қиын.

- Аймағымыздағы медицина сала­сындағы алдыңғы қатарлы сала мен ақсап тұрған саланы айтыңызшы.

- Облыс көлемінде кардиология саласы жақсы жетістікке жеткен. Іштен туған бала болсын, үлкен науқа­с болсын жүрегі нашар болса, емдеп жатыр­. Жаман емес, жақсы. Кардиология, урологиялық орталық бар. Ана мен бала орталығы да көңілге қонымды. Екіқабат әйелдерге көптеп көмек көрсетіліп жатыр. Облыстық медицина орталығын білесің ғой, сондай аурухана біздің республикада біреу-ақ. Жердің астындағы мұнайымыздың арқасында болгарлар салып берді. Жақында жедел жәрдем орталығы ашылғалы жатыр.

- Сонда барлығы бір орталықта бола ма?

- Иә.

- Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарып отырған Ақмара­л Шәріпбайқызынан қандай өзгеріс күтесіз, не болмаса мына мәселені былай­ шешкені жөн деген сияқты.

- Кеңес Одағы кезінде кадрды ірік­теу, сұрыптау, дайындауға ерекше мән берілетін. Бір бастық өзінің орнына қалатын кем дегенде 5 кадр дайындау керек-тұғын. Білікті, білімділігіне бойлай отырып. Қазір бұл мәселе жолға­ қойылмаған. Оның келгені қай­та жақсы болды. Саланы біледі. Кім­нің кім екенін таниды. Медицина­ сала­сын өз орнына қояды. 1994 жылдан бері денсаулық сақтау басқарма­сында­ 12 басшы ауысты. Соның ішінде Ақмарал Әлназарованы ерекше атап өткім келеді. Ол – таптырмас кадр.

- Сонда өзінің орнына кадр дайындағанын қалайсыз ба?

- Иә.

- Рақмет, аға!

Әңгімелескен Г.ЕСІМ

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=5105%3Al------r&catid=7%3A2011-11-18-09-07-16&Itemid=7

"Просто о сложном" - Стеноз трёхстворчатого клапана

Назад Вперед