Ауа райы
Мерекелер
Павлодарда нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылдыАСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында тәулігіне бүйрек жетімсіздігі бар 100-ге жуық пациентті қабылдауға қауқары бар «BB NURA» бірегей нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz.

Медициналық орталық «ABM Investment Group» басқарушы компаниясы ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құрылды. Кәсіпорынның негізгі серіктесі - германиялық «B.Braun Avitum AG» компаниясы. Жекеменшік инвестор аталмыш жобаға 30 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған.

«BB NURA» ЖШС аймақтық филиалдың директоры Амангелді Қасеновтің айтуынша, бүгінгі күннен бастап облыста ерте диагностика мен оңалту кезеңдерін қамтитын медициналық көмек көрсететін нефрологиялық кластер құрыла бастады. Сырқаттарға көрсетілетін қызметтердің бірі - «Жасанды бүйрек» апаратының көмегімен қан тазарту. Сонымен қатар кеңестер беріліп, медикаментоздық көмек ұсынылады. Орталық жылына 48 мың процедура жасай алатын 25 «Dialog» атты жаңа құралдармен жабдықталған.

Аталмыш ЖШС мен облыстағы денсаулық сақтау басқармасы арасында жасалатын келісімшартқа сәйкес сырқаттар диеталық тамақтану мен қажетті ем қабылдау тегін жүргізіледі.

- Толық нефрологиялық қызмет науқастарға көмек көрсетудің барлық түрін қамтиды. Атап айтқанда, гемодиализді қоса алғанда (қанды бүйректен тыс тазарту) ерте диагностикалаудан бастап, алдын алуға дейін, тамырларды қалыптастыру, кеңес беру, диагностикалық және медикаменттік көмекпен қамтамасыз ету. Орталықтағы емдік шаралардың барлығы «Dialog» атты заманауи диализ аппаратымен жасалады. Науқастарды бүйрек алмастыруға дайындау үшін нефрологиялық қызмет бастапқы медициналық буынмен және республикалық орталықтармен бірлесе жұмыс жасалады. Орталық мамандары аймақтағы науқастардың барлығын диализ қызметімен толық қамтитын болады, - дейді нефрологиялық орталық бөлімінің меңгерушісі Жасұлан Дүймағамбетов.

Ж. Дүймағамбетовтің айтуынша, павлодарлық сырқаттардың сараптама қорытындылары сырқаттарды бүйрек алмастыруға дайындау мақсатында жалпыреспубликалық мәліметтер базасында көрініс табады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, нефрологиялық орталықтың көмегіне зәру азаматтардың саны жыл саны артып келеді. Өткен жылы бұл санаттағы сырқаттардың саны 136 болса, биылғы жылы олардың қатарына 143-ке жеткен. Пациенттердің 69-ы - мемлекеттік, ал 74-і жекеменшік денсаулық сақтау мекемелерінің есебінде тұр.

- Бүгін еліміздегі ірі диализ орталығы ашылды. Бұл нысан бүйрек жетімсіздігіне шалдыққан азаматтардың қажеттіліктерін өтейді. Орталық алғашқы пациенттерін ертең қабылдай бастайды. Болашақта әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсартуға бағытталған кіші инвазивті хирургиялық оталар жасалады деп күтілуде, - дейді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Павлодарда нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды
Павлодарда нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды
Павлодарда нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды

 

 

Суреттерді түсірген -Светлана Воронова


 


Қайтып келдіСаясат әйелдердің ісі емес деп жатады. Бірақ, сол әйелдердің қолы тимеген сала жоқ десек, артық айтқандық емес. Бүгінде қоғамдағы әйелдердің саясат пен билікке, қоғамдық өмірге етене араласып кеткені ақиқат. Жоғарғы жақты былай қойғанда, төменгі жақта да саясатпен айналысқанда анау-мынау ер-азаматыңды он орап алатын нәзікжандылар жетіп артылады. Облыстағы сондай салмақты саясаткер әйелдердің қатарында Ақмарал Әлназарованың есімі жиі аталады.
Иә, оның саяси өсу жолы сатылы. Ең алдымен оны көпшілік ақ халатты дәрігер ретінде жақсы таниды.  Дәрігер-педиатр, экономист, медицина ғылымдарының докторы А.Шәріпбайқызының еңбек жолы қалалық балалар ауруханасынан басталып, одан  әрі облыстық балалар  ауруханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында жалғасты. Екі бірдей басқарманы да басқарды, медициналық  колледждің директоры да болды. Алайда алдыңғы жылдың ақпанында облыс билігінде орын алған ауыс-түйіс кезінде ақ халатын ақ жағаға алмастырған А.Шәріпбайқызы облыс идеологиясының тізгінін ұстағанда, таңданғандар аз болмады.
Екі жылға таяу уақытта, сол жолғы тағайындау барысында аймақ басшысы айтқанындай, саяси  технологияларды меңгерген тәжірибелі маман облыстық денсаулық сақтау, білім және  ғылым, мәдениет, әлеуметтік мәселелерге бас  қатырды.
Сөйтіп, колледж директорлығынан бірден жоғары  лауазымды  орынтаққа көтерілген А.Шәріпбайқызы былтырғы күзде облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат ретінде тіркелгенде-ақ, оның тағы бір «құтты орынға» қонатынын ішіміз сезген. Солай болды да, алдымен №8 Төретам сайлау округінен депутат болып сайланып, артынша облыстық  мәслихаттың хатшысы  болып шыға келді...
Апта басында облыс әкімінің  өкімімен облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасының басшысы лауазымына Ақмарал Әлназарова тағайындалды. Бүрсігүні оны облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активіне таныстырды. Ол А.Шәріпбайқызының  өмір жолын  баяндап, қай қызметте болмасын, білікті де білімді тұлға екенін дәлелдей білгенін, соңғы қызметінде де жақсы қырымен көзге түскенін  жеткізді.
Айта кету керек, соңғы үш жыл ішінде аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға қыруар қаржы жұмсалып, жаңа  жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде денсаулық сақтау саласының нысандары жаңартылып, материалдық-техникалық базасы күшейтілді. Бүйрек ауыстыру, жүрекке ота жасау сияқты оталарды жергілікті дәрігерлер жасауға жағдай жасалды. Ана мен  бала  денсаулығы да үнемі бақылауда. Халыққа көрсетілетін қызметтің 83 пайызы медициналық қызметке байланысты. Сондықтан медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселесі  күн тәртібінен түскен емес. Бірақ бір нәрсе ақиқат, соңғы жылдары облысқа да, тіпті облыстық медициналық  орталыққа да бас   дәрігер  құтаймай-ақ қойды. Басшы кадрлар жиі ауысып, саланың «салдыр-салақ» күйге  түскенін жасырудың еш реті жоқ. Енді осы олқылықтың  орнын толтырып, барлық істің тігісін жатқызып, жүйелі жұмыстарды жалғастыру Ақмарал Әлназароваға жүктеліп отыр.
 
Н.ЕРТУҒАН
http://halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=4789%3A2015-11-05-06-18-55&catid=3%3A2011-11-18-09-00-35&Itemid=3 

Ғалымдар қорылға қарсы құрал ойлап таптыАмерикалық ғалымдар қорылдан құтылуға көмектесетінқұрылғы ойлап тапты. Әлемде жүздеген миллион адам осындай жағымсыз дауыс шығарып ұйықтайды. Қатты дыбысты олар өздері естімесе де қасындағылардың мазасын алатыны айтпаса да белгілі. Ғалымдардың айтуынша, адам қорылы денсаулыққа зиян. Мұның соңы семіздік пен күйзеліске әкеп соқтырады. Жаңа құралды сынақтан өткізуге 2 ай уақыт кеткен. Сәтті шыққаны сонша, қолданушылардың көбі құралды кері қайтарудан бас тартқан. Аппарат алдағы жылдың мамыр айында сатылымға шықпақ.


Дереккөз:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/90467-ojlap-tapty

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалдыБүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активіне денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызытағайындалды.
А.Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын - дәрігер-педиатр, 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - экономист мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде бастаған. 2001-2004 жылдары - Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2005-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда медициналық колледжінің директоры, 2013-2014 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді.
Айта кету керек, соңғы 3 жыл ішінде аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға қыруар қаржы жұмсалып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде денсаулық сақтау саласының нысандары жаңартылып, материалдық-техникалық базасы күшейтілду. Бүйрек ауыстыру, жүреккке ота жасау сияқты оталарды жергілікті дәрігерлер жасауға жағдай жасалды. Ана мен бала денсаулығы да үнемі бақылауда. Халыққа көрсетілетін қызметтің 83 пайызы медициналық қызметке байланысты. Сондықтан медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы жұмыстарды жалғастыру енді Ақмарал Әлназароваға жүктеліп отыр.

Қызылорда Облысының Әкімдігі

https://www.facebook.com

Назад Вперед