Ауа райы
Мерекелер

Ақтауда ерлер денсаулығы орталығы ашылдыАҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасында ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ ғұмыр өңірлік орталығы есігін айқара ашты.

Бұдан бұрын да орталық ашылған болатын, бірақ ол жұмыс жасап жарытпады. Енді бұл орталықта ер адамдар андрологта тексеруден өтіп, гармондық функциялары бұзылуы және басқа да организмдегі өзгерістерді тексерте алады.

«Бұдан он жыл бұрынғы ерлердің скринингтік зерттеулер нәтижесі бойынша олардың 56 пайызында жыныстық органдардың қызметінде дисфункция анықталған. Олардың 30 пайызында ұрпақ таптыру қызметінің кінәраттары белгілі болды. ҚР техногендік аймағында жұмыс істейтін 28 мың ер адамның 63 пайызының репродуктивтік денсаулығы бұзылған. Маңғыстауда бұл жайында анық статистика жоқ, дегенмен жергілікті ер адамдар репродуктивтік жүйе ауруларына шалдығуға бейім», - деді уролог-андролог Талғат Бірімжаров.

Талғат Бірімжаров медицина ғылыцмдарының кандидаты, бұл салада 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еуропада генитальдық хиругия жөнінен оқытудан өткен. Ақтауда бірнеше операцияларды ойдвағыдай өткізді, соның ішінде жыныс мүшесіне протез жасалды.

Дәрігер бүгінде медицинаның соңғы жетістіктеріне орай, эрекциялық дисфункцияның 99 пайызы жазылып кететінін нақтылады. Сондықтан ерлер мұны жақсы білуі және дер кезінде емделуі тиіс.

Орталықтың зертханалық жұмыстары Маңғыстау облыстық ауруханасының зертханасында өткізіледі.

 

http://inform.kz/kaz/article/2837079

Атырауда перинаталдық орталық ашылдыАТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бұрынғы облыстық перзентханада 250 орынға арналған перинаталдық орталық ашылды.

«Ескі перзентханамыз толық жаңартылды. Жаңа сумен жабдықтау, электржабдықтау, кәріздік, жылыту және вентиляциялық жүйелер пайда болды. Жаңа оттегі стансасының арқасында палаталарда орталықтандырылған оттегін жіберуге арналған жабдықтар бар», - деп ҚазАқпарат тілшісіне облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Асқар Кенжеғалиев мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, перинаталдық орталықтың стационарлық блогы 250 орынға шақталған. Олардың 50 жүктілердің патология бөлімшесінде, 110 орын туғаннан кейінгі бөлімшеде, 40 - гинекология бөлімшесінде және 50 сәбилердің патологиялары бөлімшесінде.

 

http://inform.kz/kaz/article/2836761