Ауа райы
Мерекелер

Екіқабат әйелдердегі темір тапшылығы: профилактикасы мен еміЕкіқабат және бала босанған әйелдердегі темір тапшылық жай-күйінің (ТТЖК) проблемасы оның жоғары таралымы мен темір жетіспеушілігінің жүктілік, босануға дейінгі, босанудан кейінгі кезеңге, ұрық пен нәрестенің жағдайына жағымсыз әсер етуіне байланысты практикалық акушерлікте барынша өзекті болып табылады.

Әлемдегі әйелдердің арасында темір тапшылық қаназдылығының (ТТҚА) таралу жиілігі 25%-тен 50%-ке дейін ауытқиды. Дамушы елдерде ұрпақ өрбітер жастағы әйелдер арасында оның таралуы 40-50% болса, дамыған елдерде – 18-20%-ке дейін жетеді. ТТЖК барлық екіқабат әйелдерде ұшырасады.

Жүктілік кезіндегі ТТЖК-нің дамуы темірді артық тұтынуға немесе оның шектеулі түсуіне байланысты шығындалудан туындайды.

Темір тапшылығының түрлі сатыларын нақтылау үшін темір метаболизмінің қорларын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау жүргізіледі: тасымалдық, функционалдық, кейінге сақталған және темір-реттеулі.

Көліктік қор көрсеткіші ретінде қан сарысуынан сарысулық темір, трансферрин анықталады. Гемоглобин (Нв), эритроциттер (RBC) және гематокрит (Ht) деңгейлері функционалдық қорды білдірді. Кейінге қалдырылған қор сарысулық ферритин (СФ) деңгейімен, ал темір реттеулі эритрокинетикалық көрсеткіш (ЭКК) арқылы бағаланады.

Қазіргі кезде темір тапшылығын диагностикалаудың "алтын стандарты” СФ-ді анықтау болып есептеледі.

ТТҚА профилактикасын бұл кеселдің дамуының жоғары қауіпі бар екіқабат әйелдерге жүргізу қажет. Оларға: бұрын анемиясы бар әйелдер; созылмалы инфекциялық кеселдері немесе экстрагениталды патологиясы бар әйелдер; көп бала босанған әйелдер және т.б. жатады.

Жүкті әйелдерге қаназдықтың алдын алу шараларын жүргізу нәрестелерде темірдің жоғары қорын жинақтауға ықпал етеді.

Латенталды және латентті темір тапшылығының профилактикасында барлық екіқабат әйелдерге ерте мерзімде витаминдік-минералдық кешендер нұсқалады.

Индустриалды дамыған елдерде әйелдер жүктілікке темірдің қалыпты қорымен келеді. Алайда кейбір авторлар барлық екіқабат әйелдерге гестацияның ІІ және ІІІ триместрлерінде профилактика жүргізуді қолдайды. Қазіргі кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) барлық өңірлердегі жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінегі екіқабат әйелдерге тәулігіне/60 мг темір + тәулігіне/400 мкг фолий қышқылын қабылдауды ұсынады.

Акушерлер мен гинекологтардың Америкалық колледжі барлық жүкті әйелдерді қаназдыққа скринингтен өткізуді және темірі бар дәрумендік қоспаларды пренаталды профилактикалық беруді, анемия анықталғанда – темір препараттарымен адекватты терапия бастауды нұсқайды.

Қазіргі уақытта жүкті және бала емізетін әйелдердегі ТТҚА емдеу мен профилактикасы үшін Ферро-Фольгамма, Сорбифор Дурулес және Мальтофер Фол мен т.б. препараттар табысты қолданылады.

Мауекул Кашкинбаевна АИМБЕТОВА,

акушер-гинеколог дәрігер,

"№1 Қызылорда қалалық емханасы” ШЖҚ МКК

 

Сурет nebolet.com сайтынан алынды

0

Акушерлік-гинекологиялық практикадағы жұқпалы-қабынулық кеселдерКіші жамбас ағзаларының қабынулық кеселдері (КЖАҚК) бедеуліктің, эктопиялық жүктіліктің, жүктіліктің соңына жетпеуінің, ұрықтың даму ақауларының және т.б. ең жиі себебі болып табылады. КЖАҚК-нің даму тәуекелі әйелдің сексуалдық белсенділігіне және серіктесті ауыстыру жиілігіне, оның жасына, контрацепция тәсіліне, инвазивті гинекологиялық операцияларды өткізуге байланысты болып келеді. Бұл патологиямен науқастану шыңы жас әйелдерде байқалады.

Мысалы, Ресейде КЖАҚК 65%-ке дейінгі амбулаториялық гинекологиялық науқастарда және 30%-ке дейін – госпитализацияланғандарда кездеседі.

Шарт бойынша КЖАҚК – бұл эндометриттің, сальпингиттің, параметриттің, оофориттің, тубоовариалдық абсцесстердің және пельвиоперитониттің дамуына жетелеуге қабілетті эндоцервикстен жоғары өрлейтін жұқпалардың нәтижесі. Этиологиялық факторлар қатарында хламидия, гонорея, микоплазма, анаэробтар сияқты жыныс жолдары арқылы берілетін инфекция (ЖЖАБИ) қоздырғыштары бар.

КЖАҚК жеке нозологиялық форма (эндометрит, сальпингит, оофорит, тубоовариалдық абсцесс, пельвиоперитонит) түрінде де, олардың бірлесіп келуімен де білінуі мүмкін.

Сондай-ақ қабынулы кеселдерге түсік те (аборт та) ықпал етеді. Екі рет болған түсіктен кейін 100% оқиғада оның соңы жүктілікті соңына дейін жеткізбеумен, ерте босанумен, бедеулікпен аяқталатын созылмалы эндометриттің туындайтыны дәлелденген.

Қабынулық процесстің бірден басталуы сирек байқалады, шарт бойынша дерт біртіндеп, анық көрінбейтін клиникалық біліністермен дамиды, кейбір жағдайларда бірінші реттік-созылмалы ағым қалыптасады.

Көбіне кеселдің субклиникалық ағымы болады. Мұндай пациент әйелдер амбулаториялық жағдайда емделе алады, 36%-те – жеңіл немесе орташа ауыр ағым болса, тек 4%-те ауыр ағым білінеді.

КЖАҚК-ін емдеуде патогендік микрофлораны эрадикациялау, қабынудың бетін қайтару және кеш болатын асқынулардың (жамбастағы созылмалы ауырулар, эктопиялық жүктілік және бедеулік) алдын алу керек.

Бұл кездегі қабыну процесі біртіндеп ревматизмді немесе полиартритті еске салатын аутоиммундық жағдаймен асқынады. Мұнда кешенді антибактериалды, физиотерапиялық ем, проқабынулық цитокиндерді жаншитын, иммундық жүйені ынталандыратын факторларды қолдану қажет.

КЖАҚК мен ЖЖАБИ туындауында хламидиялық және гонорреялық жұқпалардың мәні ескеріле отырылып, табысты ем мен жағымды ем және оңтайлы прогноз үшін эмперикалық антибактериалды терапия кестесіне макролидті антибиотиктерді қосқан жөн.

 

 Мауекул Кашкинбаевна АИМБЕТОВА,

акушер-гинеколог дәрігер,

"№1 Қызылорда қалалық емханасы” ШЖҚ МКК

Сурет ginekol.com сайтынан алынды

 


Қазақстанда тұңғыш рет 2016 жылдан бастап «Сот сараптамасы» мамандығы енгізіледіАЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұңғыш рет «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары Жіктеуішіне» магистратура деңгейі бойынша «Сот сараптамасы» мамандығы енгізіледі.

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының ұйымдастыруымен өткен «Шығыс-Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры Исидор Борчишвили мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір бұл мамандықты Жіктеуішке PhD докторантурасы деңгейі бойынша да енгізу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта бакалавр деңгейі бойынша да жұмыстар қолға алынуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары Жіктеуішінде» «Сот сараптамасы» мамандығы тіпті болған жоқ. Бұл жағдайда сот-сараптама мамандығы бойынша магистр және докторларды даярлау өте қиын соқты. Ал, ҚР құқық қорғау органдарын 2020 жылға дейін жаңғырту мемлекеттік бағдарламасында сот-сараптама мамандығы бойынша магистрлар, докторлар даярлау көзделген. Біз сол үшін 2014 жылы - бір жыл бойы ҚР Білім және ғылым министрлігімен жүйелік жұмыстар жүргіздік. Бұдан басқа, еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарымен сот сарапшыларының біліктілігін арттыру мәселесі бойынша ынтымақтастық орнаттық», - деді И. Борчишвили.

Сонымен қатар ол сот сараптамаларының жаңа түрлерін әзірлеу керектігін жеткізді.

«Қазір Қазақстанда 44 сараптамалық мамандық бойынша 22 түрлі сот сараптамасы жүргізіледі. Бұл жеткілікті ме? Олар заман талабына жауап бере ала ма? Сараптамалық іс-тәжірибелер, құқық қорғау және басқа да органдар мен соттардың қажеттіліктері бойынша жасалған талдаулардың нәтижелеріне, ел ішіндегі және шет елдердегі қазіргі жағдайға қарайтын болсақ, біздің жүргізіп жатқан сараптамаларымыз трансұлттық қылмыстар, лаңкестік әрекеттер, техногендік сипаттағы апаттар, әуе көліктеріндегі апаттар секілді қауіп-қатерлерге толық көлемде жауап бере алмайды екен. Не істеу керек? Мына жаhандану кезеңінде, мемлекеттер әр түрлі одақтарға бірігіп жатқан шақта, шетелдік әріптестермен кейбір сараптама түрлері бойынша ортақ әдістеме әзірлеу керек деп санаймын. Бұл сот-сараптамалық зерттеулерді тиімді жүргізуге мүмкіндік берер еді. Біз түрлі елдердің сот сараптамасы органдарының күшін біріктіруіміз қажет. Сонда кез келген қауіп-қатерге қарсы тұра аламыз», - деді И. Борчишвили.

Қазір елімізде сот сарапшылары ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шет елдерде даярланады әрі біліктілігін арттырады.

Биыл осы бағдарлама аясында Сот сараптамасы орталығының 18 сарапшысы Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебінде бір жылдық тағлымдамадан өткен. Сонымен қатар, 87 сарапшы биыл басқа да елдерде білімдерін жетілдіріп қайтқан.

Айта кетелік, бүгінгі халықаралық конференцияға ҚР Әділет министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның сот сараптамасы мекемелерінің басшылары мен жетекші сарапшылары және Армения, Әзербайжан, Беларусь, Вьетнам, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина және басқа да елдерден келген ғалымдар, барлығы 150-ден астам адам қатысты.

 

 

Автор:Жаппарберген Айбота

http://inform.kz/kaz/article/2828897

Радиологтардың VI Еуразиялық форумы профессор Жанғали Хамзабаевтың рухына арналдыАстана. 15 қазан. Baq.kz - Бүгінгі форум медицина ғылымының докторы, ғалым, профессор, еліміздің радиология саласына сүбелі үлес қосқан тұлға Жанғали Хамзабаевтың рухына арналады. Бұл жөнінде бүгін өткен Радиологтардың VI Еуразиялық форумы барысында Президенттік іс басқармасы емханасының дәрігері, профессор, медицина ғылымдарының докторы Исламбек Мұхамеджанов айтты.

 

«Бүгінгі халықаралық форум еліміздің радиология саласына сүбелі үлес қосқан тұлға Жанғали Хамзабаевтың рухына арналып отыр. Радиологияның туын көтерген профессор Жанғали Хамзабайұлы осыдан 1 жыл бұрын дүниеден озды. Ол кісі сонау 70 жылдардан рентгенологияның маманы болып кейін радиологияға ультрадыбыс, компьютерлік тамография, изотопттық диагностика сынды әрі жаңа диагностикалық тәсілдерді енгізді. Өмірінің соңына дейін ғылыммен айналысып, еліне адал қызмет еткен тұлға»,деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, ол бүгінгі форумның Қазақстан медицинасының дамуы үшін пайдасы зор екенін атап өтті.

«Радиологтардың алғашқы форумы Астанада 2005 жылы өткен болатын. Осы уақытқа дейін радиология саласы қарқынды дамып, шетел мамандарынан көп тәжірибе алмасып үлгердік. Бұл форумның өтуі радиология саласының қарқынды дамуына ықпалы зор. Әрі қазіргі заманғы жаңа зерттеу әдістері, сүт безі рагы мен туберкулез мәселелерін емдеудің тиімді әдістерін қолдануға, жүрек ауруын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Соңғы он жылда ғылыми техника жаңарып, түрлі жаңа технологиялар пайда болды. Соңғы жылдары осы технологиялардың дамуына байланысты елімізде түрлі дерттердің алдын алып, күрделі операциялар жасалуда. Бұл деген сөз жаңа технологиялар артып, білікті мамандар көбейе берсе болашақта елімізде науқастар саны азаятын болады», деді профессор.

Айта кетейік, 2 жылда бір өтетін осынау форумға дамыған мелекеттерден оның ішінде Ресей мен ТМД елдерінің ғалымдары келіп өздерінің жетістіктіктерімен бөлісті. Жиында радиология саласындағы барынша өзекті проблемалар талқыға салынды. Форум аясында Смоленск және Санкт-Петербор қалалары профессорларының басшылығымен шеберлік сыныптары өтті.

 

Дана Сағынбек

http://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/radiologtardin-vi-euraziyalik-forumi-professor-zhangali-hamzabaevtin-ruhina-arna-73053

Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басшысы болып тағайындалдыАСТАНА. ҚазАқпарат - Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы «Назарбаев Университетінің» баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«2015 жылдың 13 қазанында Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды», деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Бұған дейін хабарланғандай, 12 қазан күні Салидат Қайырбекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылған болатын. Осыған дейін Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы қызметін Нұржан Отарбаев атқарып келген еді.

 

http://inform.kz/kaz/article/2828152

Елімізде 235 мыңнан астам балаға екпе егілдіАстана. 13 қазан. Baq.kz – Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында 15-19 жас аралығындағы 235 мың 164 адам немесе 74,3% жасөспірім вакцинацияланды. Бұл жайында ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 100%-дық қамтумен аяқталды. Ақмола, Атырау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында 90%-дан астам адам вакцинацияланды.

Өзге 10 аймақта (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) вакцинамен қамту көрсеткіші 50-ден 80 %-ға дейін құрайды.

Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.

Фото: todaynews.kz

http://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/elimizde-235-minnan-astam-balaga-ekpe-egildi-72922

Қазақстанда әйелдер денсаулығын қорғау бойынша онкүндік басталдыАСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 12 мен 21 қазан аралығында сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнінің аясында республиканың барлық аймақтарында әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен.

Шараның негізгі мақсаты - халықтың назарын қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен ерте анықтау мәселелеріне аудару, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, уақытылы скринингтік тексеруге (маммография) және салауатты өмір салтына бейімділікке ынталандыру.

Ауруды ерте анықтау мен уақытылы емді бастау - әйелдер денсаулығын сақтаудың басты кепілі. 2014 жылы қатерлі және қатерсіз сүт безі ісіктерін ерте анықтау скринингінің аясында 386 112 әйел тексерілді, 45 077 (11,7%) қатерлі ісік және ісік алды жағдайлары анықталды.

Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау тамақтану барысында жемістер мен көкөністерді аз пайдалану, физикалық белсенділіктің болмауы, шылым шегу мен ішімдік ішу сияқты ағзаға зиянын тигізетін қауіптің мінез-құлық факторларының әсерін болдырмау; адамның паппилома вирусын шақыратын (HPV) жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялаудан өту, жұмыс орнында денсаулыққа зиян және қатерлі факторларды бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Осы тұрғыда еліміздің аймақтарында өтетін онкүндік барысында сүт безі қатерлі ісігін алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне алғашқы медициналық-санитарлық көмек, оқу семинарлары, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен АМСК мекемелерінде салалық мамандардың қатысуымен ашық есік күндері өткізіледі. Жұмыс орындарында онкологиялық қызмет мамандарының қатысуымен профилактикалық скринингтік тексерулер ұйымдастырылатын болады. Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында кең таралған. Жыл сайын бұл ауруға 1,38 млн адам шалдығады, 458 мың жағдай өліммен аяқталады.

Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі жаңадан пайда болатын қатерлі ісіктер құрылымында, сонымен қатар, жалпы құрылымда да бірінші орында. Аталған ауру бойынша өлім-жітім 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда 7,8 пайызды құрады. Сүт безі қатерлі ісігінің I және II кезеңі 2013 жылмен (77,1%) салыстырғанда 80,6%-ны құрады.

Әлемде Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу күні жыл сайын 21 қазанда атап өтіледі.

 

http://inform.kz/kaz/article/2827664

С. Қайырбекова Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылдыАСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 қазанындағы қаулысымен Салидат Зикенқызы Қайырбекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Салидат Қайырбекова 2010 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамыз айына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

http://inform.kz/kaz/article/2827365

 

 

Қызылордалық дәрігерлер ұйқы тамырына операция жасадыҚызылордалық дәрігерлер ұйқы тамырына операция жасай бастады. Білікті мамандар жұмыс істейтін облыстық медициналық орталықтың 160 жылдық тарихы бар. Дегенмен бұл аймақ қантамыры ауруларынан инсульт алатындар жағынан республикада алдыңғы орындарда тұр. Жалпы әлемнің дамыған елдерінің өзінде қантамыр ауруларына шалдыққан 1 миллион адамның жылына 100 мыңдайына операция жасалады екен. Осы есеппен шаққанда Қызылорда өңірінде 700 мыңнан астам халық қоныстанған сонда жылына 70-80 науқас хирургтың бақылауынан өтуі тиіс. Осылайша жыл басынан бері 20 науқасқа операция жасалған.

Сәбит Фазиловоблыстық медицина орталығының директоры: - Тамыр бітелгеннен кейін мидың тамыры инсультқа, жүрек тамыры инфарктқа алып келеді. Мақсатымыз – осы жағдайларды болдырмау. Осы операция санын биыл 40-қа, келесі жылы 50-ге жеткізбекшіміз. 

Источник:  http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/86696-operatsiya-zhasady


РШЫМБЕТОВ ҚҰБЫЛ2015 жылғы «Сыр медицинасының үздгі» медалінің иегері -РШЫМБЕТОВ ҚҰБЫЛ

 

 

"Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары”

Акционерлік қоғамының филиалы –

"Қазалы теміржол ауруханасының” директоры

 

 

Ршымбетов Құбыл 1948 жылы 13 қарашада Қызылорда облысы Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, осы оқу орнының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіріп шықты.

Осы жылы Қазақ теміржолына қарасты Жамбыл теміржол ауруханасында біржылдық интернатурадан өтті.

1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жолдамамен жұмысқа орналасты.

1974 жылдан 1977 жылға дейін осы ауруханада терапевт дәрігер болып және инфекция бөлімінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды.

1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист болып қызмет атқарды.

1979 жылы Қазалы теміржол ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың ақпан ай аралығынды осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

1997 жылдың ақпан айымен қыркүйек айы арасында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарды.

1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін атқарып келеді, қазіргі қызмет атауы директор.

Бұл уақытқа дейін, теміржол ауруханасы да затына сай атын өзгертті, 2000 жылдың 17 қантардан бастап «Көліктік медицина қызметі» ААҚ басқарма төрағасының №1 бұйрығына сәйкес «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы құрылды. 2005 жылдың 25 мамырдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ басқарма төрағасының №39/17 бұйрығына сәйкес қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болып өзгертілді. 2010 жылдың 12 қантардан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кенесінің №1 хаттамасына сәйкес «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды.

1981 жылдан І санаттағы дәрігер терапевт.

1996 жылдан жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, 2006 жылы І санаттағы дәрігер ұйымдастырушы.

Төмендегідей салалар бойынша білімін жетілдірді:

Алматы қаласында 1976 жылы (жұқпалы аурулар), 1980 жылы Алматы қаласында (Гастроэнтерелогия), 1988 жылы (Рефлексотерапия)

1986 жылы Ташкент қаласында (Управления и организация лечебно профилактической помощи)

1987 жылы Қызылорда қаласында кардиология жөнінде семинар, қарқынды терапия инфаркт миокарда стенокардия, 2001 жылы Қызылорда қаласында денсаулық саласын реформалау жөнінде, 20001 жылы Қызылорда қаласында (терапия, кардиология, гастроэнтерология өзекті мәселелері)

1989 жылы Юрмола қаласында (Электропунктура)

1994 жылы Ақтөбе қаласында (сақтандыру медицинаны жоспарлау)

2001 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Избранные вопросы анестезиологии, реаниматологии и интенсивной терапии” және "Избранные вопросы эндокринологии, кардиологии и интенсивной терапии” тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.

2004 жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Актуальные вопросы управления стационарной помощи населению”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді

2005 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Современные вопросы терапии”- 144 сағат тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.

2006 жылыАлматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Актуальные вопросы управления ресурсами здравоохранения”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді

01.03.-30.03.2006г. аралығында Ақтөбе ГМИФУВ "Актуальные вопросы организации медико-санитарной помощи",

2007 жылы Қызылорда РК МЗ ВШОЗ "Актуальные вопросы управления и экономики здравоохранения при реформировании системы"-144 сағат.

2009 жылы Қызылорда "Вопросы оплаты стационарной (стационарозамещающей) помощи для руководителей и специалистов в области здравоохранения"- 42 час.

01.10.-29.10.2009 жыл аралығында РГКП АГИУВ "Профилактика профессиональных заболеваний"-144 час.

с 16.11.-21.11.2009 тема "Вопросы оплаты стационарной (стационарозамещающей) помощи для руководителей и специалистов в области здравоохранения"- 42 час.,

г.Астана Национальный мед.холдинг 08.-09.09.2010г.тема "Госпиталь будущего".

Кызылорда ВШОЗ 27.09.-08.10.2010г.цинкл "Организационно-правовые и экономические основы функционирования гос.предприятий на праве хоз.ведения" (св.ПК№14708),

Учреждении ИМТ ПППЭ 01.11.-20.11.2010 тема "Профпатология (медицина труда) и организация медицинской помощи рабочим промышленных предприятий"- 162 час.

Алматы ВШОЗ 07-12.05.2012 тема "Эффективное управление государственным предприятием на праве хозяйственного ведения"- 54 сағат.

Алматы РУМЦГЗ 03-07.09.2012 повышение "В области Гражданской защиты"

Жаңа типті аурухана құрылысының толық аяқталуына, және ауруханаға қажетті медицина саласындағы озық үлгідегі аппаратуралармен жабдықталуына тікелей ықпал жасады:

2009 жылы - УЗИ, плазмаферез, лазер аппараттары, гастрофиброскоп, "Барокамера”, "Маммография”, ультрадыбысты доплерограф, Электрокардиограф «ЭК-3Т-01-«Р-Д»» «Россия», Проявочный процессор (Китай), ВС-3000 Автомат гематологиялық анализатор (Китай), ВА-88 Полуавтоматты биохимиялық анализатор (Китай), эндовидеолапаротомия аппараттары көмек көрсету үшін ішкі резервті пайдалана отырып, су мен емдейтін бөлім және медициналық аппаратурамен қамтамасыз етілді.

2010 жылы - Офтальмоскоп прямой, Эхоэнцефаллограф портативті жиынтығымен, стол операционный 3008С, Комп.суточный мониторинг ЭКГ и АД «Валента», Комплекс аппаратно программный электроэнцефалографический Мицар ЭЭГ, Стерилизатор ВК-75, Парафинонагреватель Каскад – 15, АПП ударно волновой терапии BTL-5000, АПП механотерапевт CERAGEM, Прибор д/комб физиотерапии портативный, АПП искуств вентиляции РО-6-06.

2011 жылы - Монитор пациента РМ-7000, BTL-4000COMBI – ПРИБОРД/КОМБ физиотерапии, Рефрактометр ИРФ-454Б2М, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Цистоскоп универсальный ЦУ-1, Стоматологическая установка, Электроскальпель – коагулятор, Индикатор внутриглазного давления, Настольная зубтехническая бормашина, Рентгеновский диагностический комплекс, Стекло просвинцованное рентгензащитное, Стерилизатор ГП-40, Электрокардиограф многоканальный, Весы электронные В1-15 САША, Паровой стерилизатор ВК-75-01, Индикатор внутриглазного давления ИГД-02 ПРА, Ларингоскоп с 4-мя клинками взрослый. Қазалы, Арал, Қармақшы және Байқоныр халқына медициналық көмек көрсету үшін Гемодеализ бөлімі ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.

2012 жылы - Комплект деталей к компрессионно дистракционным аппаратом Г.А Илизарова для лечения переломов костей, насос инфузионный шприцовый SEP-10S, портативный аппарат ИВЛ, многосрезовый спиральный компьютерный томограф Nel Viz Dial в комплекте. Блокирующий остеосинтез, комплект гемиопротез тазобедренного сустава. ЭХО-С,ЭЭГ аппараты,физиотерапиялық кабинетке «Биоптрон» аппараты алынды.

2012 жылдан бастап Мемлекеттік тапсырыс арқылы жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек, травматология саласынан көрсетіледі, оған жауапты дәрігер травматолог-ортопед Канатов А.К. Оталар жасап аудан көлемінде науқастардың ризашылыға бөленіп келеді. 2012 жылы – 20 ота жасалып, 2013 жылға 24 ота жоспарланды. Барлық қажетті медициналық құрал жабдықтармен жабдықталған, біліктілігін жетілдірген, маман сертификаттарын алған.

2013 жылы - Аппарат УЗД лизинг негізінде алынды:

Қарқынды емдеу палатасына 3-аппарат алынды:

1) Тропанинге қан анықтауға арналған иммуноферментік анализатор,

2)Қанның 15 түрлі параметірін анықтауға арналған газдалған анализатор ,

3) ИВЛ-аппараты ,

3-электрокардиограф,аудиометр,спирометр,

УЗД аппараты алынды.

2014 жылы

1) Автоматтандырылған гематологиялық анализатор Mythic 18 жиынтығымен

2) Бинокулярлы микроскоп Микмед-5

3) Нейрохирургиялық инструменттерінің жиынтығы (88 атауы бар)

4) Окшеге « Шиатсу » әдісі бойынша массаж жасау Массажері

5) Массажер әуе-компрессиялық қол үшін

6) ылыту ауданы орташа қуатты м2 -5000 тік газды Қазан.

7) Камера дезинфекционная предназначена

8) Дезинфекциыға және дезинсекцияға арналған Дезинфекциялық камера.

 

Теміржол мекеме басшыларымен бірлесе отырып, мекемелерден сауықтыру, физиотерапиялық көмек көрсету кабинеттерін ашты. Сонымен бірге халыққа медициналық қызмет көрсету үшін, елді мекендерге алғашқы медициналық көмекті жақсарту және жақындату мақсатында 7 медициналық пункттің жұмыс жасауына ықпал жасады:

  1. Алтай медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Алтай бекеті).
  2. Ойынды медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Ойынды бекеті).
  3. Кубек медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Кубек бекеті)
  4. Майлыбаш медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майлыбаш бекеті)
  5. РЗД-99 (Қызыләскер) медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы РЗД-99 бекеті)
  6. Байқожа медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Байқожа бекеті)
  7. РЗД 101 медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы РЗД-101 бекеті)

Және Теміржолшыларға медициналық көмек көрсету, профилактикалық жұмыс жасау мақсатында «Қазақстан теміржолы» АҚ «Ұлттық компаниясы» Қызылорда магистралдық желі бөлімшесінің есебінен келісім шарт бойынша 6 рейс алдында тексеру пунктінің жұмыс жасауына ықпал жасады:

  1. Қазалы локомотив рейс алдында тексеру пункті (Әтеке би кенті, Михайлюк көшесі 31 үй ТД-23 ғимаратында).
  2. Қазалы «Қамқор вагон» ЖШС-ның «Қазалы вагон жөндеу депосы» рейс алдында тексеру пункіті (Әтеке би кенті, Михайлюк көшесі номерсіз ЖШС-ның «Қазалы вагон жөндеу депосы» ғимаратында).
  3. Сексеуіл локомотив рейс алдында тексеру пункті (Сексеуіл стансасы , Деповская көшесі 1 үй ТЧЭ-36 ғимаратында).
  4. Сексеуіл темірдол мекемелерінің рейс алдында тексеру пункті (Сексеуіл стансасы , Деповская көшесі 1 үй ТЧЭ-36 ғимаратында).
  5. Төретам локомотив рейс алдында тексеру пункті (Төретам стансасы , Жанкожа көшесі номерсіз үй вогзал ғимаратында).
  6. Арал локомотив рейс алдында тексеру пункті (Арал стансасы , ЖПривокзальная көшесі номерсіз үй №6 Эксплуатация депосының ғимаратында).

Аурухана аудандағы экологиялық жағдайға қарамастан халыққа медициналық қызметті жоғарғы деңгейде көрсетуде.

Асқазан, ішек ауруларын болдырмау, алдын алу туралы мақаласы облыстық және аудандық газеттерінде жарық көрді, аудандық радиодан әңгіме өткізді.

1987-1991 жылдары Халық депутаттары поселкелік кеңесінің депутаты болды.

2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.

2003-2007 жылдары Аудандық маслихатының депутаты болды.

2004 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігінің иегері болды.

2005 жылы "Темірдолға 100 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.

2006 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінен "Аудан деңгейінде емдеу-диагностикалық жұмыстарына жаңа технологияларды белсенді енгізу” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

2006 жылы Қазалы ауданының әкімінің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі қызметі үшін "Жыл дәрігері” номинациясымен марапатталды.

2007 жылы Астана қаласында өткен "Қазақстанның провизорлармен дәрігерлердің ІІІ-съезіне” қатысты.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалымен наградталдым.

2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған іскер бағдарламасына қатыстым.

2012 жылы«Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі ушін» кеуде белгісімен марапатталды.

2013 жылы Барселона қаласында Высшая школа Менеджмента в Барселоне Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған іскер бағдарламасына қатысты.

2013 жылы «Лучшие люди» құрмет белгісімен марапатталды.

2013 жыллғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен наградталды.

2014 жылы «Мировые тенденции здравоохранения. Опыт Индии» көшпелі тәжірибиелік семинарына қатысты.

2015 жылы ҚР Президентінің сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін, ҚР Президентінің Алғысын алды.

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды (куәлік №0034 28.05.2015 бұйрық №400)

Бірнеше рет облыстық, аудандық және мекеме мақтау қағаздарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жыл сайын мереке күндері «Наурыз», «Медицина қызметкерлері», «Карттар күніне» орай аурухана зейнеткерлерін мереке іс шараларына шақырып сый-сияпат беріп отырады және жағдайы төмен от басыларға жәрдем көрсетеді.

Жалпы жұмыс өтілі - 42 жыл, аурухана басшысы қызметінде - 21 жыл

Жанұялы, 5 баласы бар.