Ауа райы
Мерекелер

Жұмысқа деген құштарлық денсаулықты нығайтады - ғалымдарАСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, өз жұмысына эмоционалдық құштарлығы басым қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан денсаулығы мықты болады, деп хабарлайды The Express Tribune.

Мамандар егде жастағы қарияларға күтім жасайтын 5000 қызметкерлерді бақылай келе осындай тұжырым жасады. Ғалымдар өз ұйымына жан-тәнімен берілген қызметкердің денсаулығы әлдеқайда мықты екенін байқады. Сондай-ақ мұндай қызметкерлер басқаларға қарағанда сирек ауырады және ұйқысы бұзылмайды. Ғалымдар бұл тұжырымдама қызметкерлердің жұмыстан «күйіп кетуден» қорғап қалуға көмегін тигізеді деген сенімде.

Сондай-ақ, Гарвард университетінің мамандары жақында тәжірибе жүргізіп, мынадай жаңалық ашқан болатын: басшысынан жиі мақтау естіген жұмысшы өз міндетін құштарлана атқарып, қызметінен кетуге құлшыныс танытпайды. Сол себепті мамандар басшыларға қол астындағы қызметкерлерін көбірек мадақтап, кемшіліктерін бетіне баспауға кеңес береді. Бұл үлкен нәтижеге қол жеткізеді, деп жазады 7sunews.kz.

 

http://inform.kz/kaz/article/2833056

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады - СенатАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірнеше кезеңмен өтуін көздейді.

Құжатпен медициналық көмекке құқықтар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету айқындалады. Сондай-ақ, заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың, аударымдар мен жарналарды төлеушілердің, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, осы жүйеде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері реттелмек.

Бұдан бөлек, міндетті төлемдерді шоғырландыру мен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру қарастырылып отыр. Қордың құрылтайшысы мен жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Сонымен қатар заң жобасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жататын азаматтардың 15 санаты, оның ішінде балалар, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері, мүгедектер босатылады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың денсаулық үшін ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, жеке медицинаны басымдықпен дамыту және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен көтеруге жағдай жасайды.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

 

 

Автор:Қанат Мәметқазыұлы

 

http://inform.kz/kaz/article/2832947

 

АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІБүгін Арал ауданына жұмыс сапарымен ат басын бұрған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев алғаш болып Сексеуіл кентіндегі Емхананың ашылу салтантына қатысты. Емхана бір уақытта 100 келушіні қабылдауға қауқарлы. Замануи техникалармен толық жабдықталған. Емхананы арлап көріп, жай-күйімен танысқан аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы аудан әкімі Абзал Мұхимовқа нәтижелі жұмыстарына алғысын білдірді.

 

Арал Ауданының Әкімдігі

https://www.facebook.com/?_rdr=p

АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ