Ауа райы
Мерекелер

Картоптың емдік қасиеттеріАСТАНА. ҚазАқпарат - Картоп - әрбір үйдің асханасында кездесетін көкөніс.Картоптан мыңдаған тамақ түрін дайындауға болады екен. Сонымен қатар, картоптың үй жағдайында емделуге де пайдасы зор. Кейбір ауруларды картоппен жеңіл әрі тимді емдеу әдістерін ұсынамыз.

Ангина. Картоптардың ұсағын таңдап аламыз. Жақсылап жуып, ыдысқа аз мөлшерде су құйып, қайнатамыз. Суды аз құюымыздың себебі, бу судан емес, картоптан шығуы тиіс. Картоптың иісі қатты шыққан соң, отты сөндіріп, ыстық ыдысты үстелдің үстіне әкеліп қоямыз. Басымызды көрпемен бүркеп алып, ыдыстың ішіне мұрнымызбен 10-15 минут шамасында терең демаламыз. Бумен демалып болған соң, салқындап қалмас үшін жылдам көрпе жамылып жатыңыз. Күніне 1-2 рет жасаған жөн. Жоғарыда жазылғандай емдеу жолы ангинаны қайтаруға және тыныс алу жолдарының қабынуын басуға көмектеседі.

Жоғары температура. 2 картопты үккіштен ірі етіп өткіземіз. Оған 1 ас қасық сірке суын құйып, бірнеше қабатталған дәкенің үстіне салып шығыңыз. Дайын компрессті маңдайыңызға қоясыз. Біраз уақыттан соң алып тастап, басқа жаңасын дайындап маңдайыңызға қойыңыз. Осы әдіспен ангинаны кетіруге де пайдалансаңыз болады. Ол кезде компрессті мойныңызға қойып, үстінен жылы орамалмен байлап тастайсыз.

Үсу. Суықтан қолыңыз қызарып кетсе, қолыңызды картоп қайнатылған жылы суға салып, бірнеше уақыт ұстағанның өзі жеткілікті. Бет терісінің үсіп кеткен бөліктеріне картоп компресін жасауға болады. Ол үшін қабығы ашылмаған картоптарды қайнатып, ыстық күйінде жылдам езіңіз. Ыстығын жоғалтпауы тиіс. Дәкеге немесе мата бөлігіне картоп езбесін жағып, зақымдалған жеріңізге суып кеткенше ұстау қажет. Одан соң мақтаны лимон шырыны мен су араласқан сұйықтыққа малып, зақымдалған жерді бірнеше рет сүртіңіз.

Күйік. Картопты тазалап, үккіштен өткізіңіз. Оны 4-5 рет оралған дәкеге салып шығыңыз. Дәкені зақымдалған жерге қойып, үстінен жақсылап байлап шығыңыз. 2 сағаттан соң алып тастап, басқа жаңасына ауыстырыңыз. Егер қайнап жатырған су және май тамшыларына күйіп қалсаңыз немесе қолыңызды ыстық ыдысқа басып алсаңыз, ауырып тұрған жеріңізге жылдам картопты тазартып, екіге бөліп басыңыз. Әр 2-3 минут сайын ауыстырып, жаңа картоп бөліктерін басу қажет, деп жазады ислам.кз.

 http://inform.kz/kaz/article/2832034

ДЕНСАУЛЫҚ: АҚШ ғалымдары аспириннің бала көтеруге көмектесетінін айттыАСТАНА. ҚазАқпарат - Бала көтергісі келген әйелдер күн сайын аспирин дәрісінің төрттен бір бөлігін қабылдау керек, деп кеңес етеді Америка репродуктология қоғамының вице-президенті Ричард Полсон. Аспирин қанды сұйылтатындықтан, ол репродуктивті органдарға өтетін қан ағымын күшейтеді, ал бұл бала көтеру мүмкіндігін арттыра түседі, деп жазады The Daily Mail.

Оған қоса, аспирин бала көтеруге кедергі болатын қабынуды азайтады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, бұған дейін түсік тастап, жүйелі қабынуы бар әйелдер күніне 81 миллиграмм аспирин қабылдап, қатысушылардың 17 пайызы бала көтерген. Аспиринді ішкендердің 20 пайызында жүктілік мерзімі қалыпты өткен. Осы арада, профессор бала көтергісі келген барлық әйелдерге аспирин үшуді кеңес етеді. Ал аллергиямен ауыратындар мен асқазан-ішек жолдары дерттеріне шалдыққандарға оны ішуге болмайды.

Алайда аспириннің күрделі кері әсері де бар. Оны жиі қабылдаған әрбір оныншы адамда асқорыту жүйесінде проблемалар тауып алуы мүмкін. Тіпті, іштен қан кетуі де ықтимал. Демікпе дертіне шалдыққандар аспирин ішсе, кейде еріні, ауыз қуысы, тамағы ісіп кетуі, кейбір жағдайда аспирин геморрагиялық инсультқа апарып соқтыруы да ғажап емес. Сондықтан, оны дәрігермен кеңесіп ішу керек, дейді ғалымдар.

http://inform.kz/kaz/article/2832065