Ауа райы
Мерекелер

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды

29 Шілде 2015

«Апаттармедицинасыныңтеміржолгоспитальдары» акционерлікқоғамыфилиалыҚазалытеміржолауруханасындамедицинасаласыныңқызметкерлері «Қызылордаоблысымедицинақызметкерлерініңқауымдастығы» қоғамдықбірлестігініңөкілдеріменкездесті.

Өз жұмысын осыданбірер ай бұрынбастаған қоғамдық бірлес­тіктің мақсаты облыстағымедицина қызметкерлерінің беделінарттыруға бағытталған идеяларды, жобаларды,бағдарламалардыжасау және жүзегеасыру,дәрігерлер мен аяжандардыңбіліктілігін арттыруға жәрдемдесу, оқу-клиникалық орталығынашу,медицина қызметкерлерінде туындағантүйткілді проблемаларды шешугеатсалысу,құқықтық кеңес беру, жеке және дәстүрліемес медицина қызметініңдамуына ықпал етужәне олардың құқықтарынқорғау,қазіргі заманғы озықтехнологиялардыенгізуге ықпал етуболып табылады. Қоғамдықбірлестікке Қызылорда облысындатұратын медицина қызметкерлері, бұл жарғыны мойындайтынжәне қоғам жұмысынақатысатын ынталы адамдармүше бола алады. Мүшелікке қабылдау кезіндемедициналық мекемеде жұмысістейтіндігі жөніндегі анықтама, медициналық жоғары жәнеорта оқу орнынбітіргендігі туралы дипломмен жеке куәліктіңкөшірмесін тапсыру қажет.

Қоғамдық бірлестікжанынан«Сыр медицинасы» аттыоблыстық медициналық басылымжарық көре бастады. Қазақ және орыстілдерінде шығатын сегізбеттік газет айынаекі рет оқырманныңқолына тиеді. Ондамедицина қызметкерлерінің мақалалары, осы саладағы айтулыоқиғалар мен жаңалықтар, медицина мамандығының майталмандарытуралы материалдар жарияланатынболады.

– Құрметті әріптестер үнемі демесек те көп жағдайда халық науқас көз жұмған жағдайда не болмаса өзге де келеңсіздік туған сәтте дәрігерлер қауымын, яғни сіз бен бізді күстаналап жатады. Реніштерін білдіріп, қоғамда түрлі теріс пікірлердің қалыптасуына себепші болады. Заң орындарына шағымданып, әділдік іздейді. Осы орайда дәрігердің де құқығын қорғап, сөзін тыңдайтын бір жанның болғаны дұрыс ғой. Міне осы себепті де біз қоғамдық бірлестіктің жұмысын қолға алдық. Сіздерді алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын,- деді қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мұхтар Беисов.

Кездесу барысында облыстық онкологиялық орталық дирек­торының орынбасары Кәрібай Төлеутайұлы «Көзбен көріп, қолмен сипап, қатерлі ісікке күдіктенуге болатын науқастардың алғашқы белгілері» тақырыбында баяндама оқыса, «Сыр медицинасы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі Серікбай Смағұлұлы психологиялық тренинг сабағын жүргізді. Сонымен бірге «Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Беисов «Апаттар медици­насының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамы филиалы Қазалы теміржол аурухансының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовтың кеудесіне «Сыр медицинасының үздігі» төсбелгісін тақты.

Суретте: «Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Беисов Құбыл Ршымбетовке «Сыр медицинасының үздігі» төсбелгісін тапсыруда.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

«Қазалы» газеті

https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-82615

Гинекологиялық дерттердің алдын алуГинекологиялық дерттердің алдын алу қыздардан басталады. Оны қыз бала дүниеге келгенге дейінгі және туғаннан кейінгі деп бөледі. Баланың жоспарлануы – бұл қалаулы бала, байсалды ата-аналар тіршілікке келетін баланың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін көптеген факторлардан бой тасалауға ұмтылады. Жүктілікті жоспарлаудан бұрын әйел өз организмін сауықтыруы тиіс. Болашақ жүктілікті сақтаумен сабақтас барлық емдік манипуляцияларды, дәрілік препараттарды қабылдауды ұрық қалыптасуға дейін өткізген жөн. Алғашқы бала көтеруге қолайлы анасының жасы – 20-24, ал әкесі үшін – 25-30 жас.

Психологиялық тұрғыда дайындалмаған анадағы созылмалы кеселдер фонында пайда болатын жүктілік ауыр, жиі асқынулармен өтеді. Бұл екіқабаттылыққа да, бала босануға да және баланың денсаулығына да теріс әсер береді.

Балаға ерте емшек беру оңды әсер етеді, өйткені ол бала үшін ең оңтайлы тағам.

Қыз дүниеге келгеннен соң ондағы гинекологиялық дерттердің профилактикасы – бұл дұрыс сау өмір салты. Сыртқы жыныстық ағзалардың гигиенасы қыздың өсіп келе жатқан организмінің қажеттілігі болуы тиіс. Бұған оны өмірінің алғашқы күндерінен бастап үйрету керек. Сондай-ақ қыздың салмағын қадағалаған жөн: семіздіктің ерте жыныстық жетілуді шақыруы, етеккір қызметінің қалыптасуына теріс әсер етуі және бедеулікке жетелеуі мүмкін.

Жиі суық тиюге, созылыңқы кеселдерге жол бермеу керек: жиі сарқаттанатын балалар қабынулы сипаттағы гинекологиялық дерттерден зардап тартады.

Қыз балада алғаш рет пайда болған етеккір – оның өміріндегі маңызды сәт. Етеккірдің қай жаста, қаншалықты мол, ұзақ және қандай уақыт аралығында келуіне, оның тұрақтылығына болашақ ана денсаулығы тәуелді болады. Сондықтан күмәнданған кезде маманға бірден қаралу қажет. Сондай-ақ бұл күндердегі гигиена туралы да сұхбат өткізген жөн.

Қыздың өміріндегі келесі маңызды кезең бұл жыныстық өмірдің басталуы. Қыз алғашқы жыныстық контакттан кейін пайда болуы мүмкін проблемалар жөнінде ақпарат алуы тиіс. Дәлірек айтқанда қалаусыз жүктіліктен және жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалардан сақтану туралы. Мұндай сұхбаттар үшін қызды мазалайтын барлық сауалдарға жауап беретін мамандардың қабылдауы болады.

Қыз жыныстық өмір бастағаннан кейін гинекологта жылына бір рет тексеруден өтуі тиіс. Жоспардан тыс қаралу қандай да бір шағымдар болғанда немесе сексуалдық серіктес ауысқанда қажет.

Көбіне-көп гинекологиядағы кеселдер анық білінусіз симптомдармен өтеді және ол өтіскен болса онкологиялық патологияға, бедеулікке, жатырдан тыс жүктілікке немесе мезгілінен бұрын бала босануға жетелеуі мүмкін.

Гинекологқа міндетті түрде қаралу мына жағдайларда аса қажет:

-15-16 жаста етеккір басталмаса;

-өте ауыртпалы етеккірлерде;

-аса мол немесе ұзақ менструация (7-10 күннен астам);

-тұрақсыз етеккір – кідіріс немесе айына екі рет;

-ашу, қышу, жағымсыз иіс немесе ерекше бөлініс;

-іштің төменгі бөлігінің ауыруы;

-жыныстық акт кезіндегі ауыру немесе қанды бөлініс;

-дене массасының күрт артуы немесе күрт жүдеу.

 

 

 

Мауекул Кашкинбаевна АИМБЕТОВА,

акушер-гинеколог дәрігер,

"№1 Қызылорда қалалық емханасы” ШЖҚ МКК

 

Сурет www.medkras.com сайтынан алынды

Мезгілінен ерте босануМезгілінен ерте босану деп жүктіліктің 28-ден 37 аптасына дейінгі кезеңде өткен бала босану есептеледі. Зерттеушілердің деректеріне сәйкес бұл екіқабаттылықтың 7%-ін құрайды. Мерзімінен ерте жарық дүние есігін ашқан нәрестелерге дер кезінде туғандармен салыстырғанда жатырдан тыс өмірге бейімделу қиын.

Қауіп факторлары.

Мезгілінен ерте босану ана тарапынан да және ұрық тарапынан да болатын кейбір қауіп факторларына байланысты.

Ана тарапынан:

1. Ауырлаған акушерлік-гинекологиялық анамнез: медициналық аборттар, өз бетінше болатын түсіктер, бұрынғы жүктіліктегі мерзімінен ерте босану, етеккір қызметінің бұзылуы, ішкі жыныс ағзаларының дерттері.

2. Екіқабат кезде темекі тарту, алкоголді шамадан тыс тұтыну, есірткі пайдалану.

3. Жүктілікте бастан кешірген жұқпалы аурулар.

4. Денеге күш түсу.

5. Ауыр гестоз.

6. Стресстік жағдаяттар.

Ұрық тарапынан:

1. Көп ұрықтың болуы.

2. Судың мол келуі.

3. Ұрықтың жамбаспен орналасуы.

4. Плацентаның ажырауы.

5. Ұрықтың жатырішілік инфицирленуі.

Акушерлер жағдайдың күрделілігін ескеріп мерзімінен бұрынғы босануды қатер төндірерлік және енді басталған деп бөледі. Қатер төндірерлік мезгілінен ерте босануда туу әрекеті басталмаған, бірақ ана организмі "шектік сызыққа” таяу. Мұнда белде немесе іште төмен тартатын күшті емес ауырудың білінуі мүмкін. Бұл сезімдер елеусіздеу байқалады. Ішті қарап, дәрігер жатыр жақтауының тонусының үлкеюін, оның қозуының артуын анықтайды (жатыр ішке қол тигізгенге жауап ретінде өз тонусын күшейтеді).

Әйелге қауіп төндірерлік мезгілінен ерте босануға күдік туғанда ішін өзінің сипалап көруіне болмайды.

Дәрігер тактикасы.

Мезгілінен ерте босану басталған кезде әйелдерге анестезия өткізіледі. Бұл жағдайда есірткілік ауру басатын препараттар шала баланың оған аса сезімталдығына байланысты тынысының тарылу мүмкіндігі ескеріліп оны қолданбауға тырысады. Оның орнына эпидуралды анестезия қолданылады. Сондай-ақ спиналдық анестезияны пайдалануға болады. Ауыру басудың бұл тәсілдері жамбас түбінің бұлшықеттерінің жаңа туатын баланың басына қарсылығын азайтуға және сол арқылы босану жарақаттану қауіпін сейілтуге ерік береді. Бұл мақсаттарда шатты профилактикалық кесу – эпизио – немесе перинеотомия қолданылады.

Шала туған балаға күтім жасау арнайы компьютрленген аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде заманауи дәрілік препараттар және неонатолог-дәрігерлер мен мейірбикелердің арқасында тіпті 28 апталық нәрестелердің (салмағы бар болғаны 1000 г) өмірін сақтап қалудың сәті түседі.

Алдын алу.

Әйелге жүкті болар алдында зиянды әдеттерден бас тарту, созылмалы жұқпа ошақтарын емдету қажет. Сондай-ақ әйелдер консультациясына ерте есепке тұру, жүктіліктің дамуын ерте мерзімде дәрігердің ұдайы бақылауы керек.

Әйелдің өз өмір салтын өзгерткені, көбірек серуендеуге және тынығуға уақыт бөлгені абзал.

 

 

 

Мауекул Кашкинбаевна АИМБЕТОВА,

акушер-гинеколог дәрігер,

"№1 Қызылорда қалалық емханасы” ШЖҚ МКК

 

Сурет baby-i-mama.ru сайтынан алынды

Екіқабат әйелдердегі темір тапшылығы: профилактикасы мен еміЕкіқабат және бала босанған әйелдердегі темір тапшылық жай-күйінің (ТТЖК) проблемасы оның жоғары таралымы мен темір жетіспеушілігінің жүктілік, босануға дейінгі, босанудан кейінгі кезеңге, ұрық пен нәрестенің жағдайына жағымсыз әсер етуіне байланысты практикалық акушерлікте барынша өзекті болып табылады.

Әлемдегі әйелдердің арасында темір тапшылық қаназдылығының (ТТҚА) таралу жиілігі 25%-тен 50%-ке дейін ауытқиды. Дамушы елдерде ұрпақ өрбітер жастағы әйелдер арасында оның таралуы 40-50% болса, дамыған елдерде – 18-20%-ке дейін жетеді. ТТЖК барлық екіқабат әйелдерде ұшырасады.

Жүктілік кезіндегі ТТЖК-нің дамуы темірді артық тұтынуға немесе оның шектеулі түсуіне байланысты шығындалудан туындайды.

Темір тапшылығының түрлі сатыларын нақтылау үшін темір метаболизмінің қорларын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау жүргізіледі: тасымалдық, функционалдық, кейінге сақталған және темір-реттеулі.

Көліктік қор көрсеткіші ретінде қан сарысуынан сарысулық темір, трансферрин анықталады. Гемоглобин (Нв), эритроциттер (RBC) және гематокрит (Ht) деңгейлері функционалдық қорды білдірді. Кейінге қалдырылған қор сарысулық ферритин (СФ) деңгейімен, ал темір реттеулі эритрокинетикалық көрсеткіш (ЭКК) арқылы бағаланады.

Қазіргі кезде темір тапшылығын диагностикалаудың "алтын стандарты” СФ-ді анықтау болып есептеледі.

ТТҚА профилактикасын бұл кеселдің дамуының жоғары қауіпі бар екіқабат әйелдерге жүргізу қажет. Оларға: бұрын анемиясы бар әйелдер; созылмалы инфекциялық кеселдері немесе экстрагениталды патологиясы бар әйелдер; көп бала босанған әйелдер және т.б. жатады.

Жүкті әйелдерге қаназдықтың алдын алу шараларын жүргізу нәрестелерде темірдің жоғары қорын жинақтауға ықпал етеді.

Латенталды және латентті темір тапшылығының профилактикасында барлық екіқабат әйелдерге ерте мерзімде витаминдік-минералдық кешендер нұсқалады.

Индустриалды дамыған елдерде әйелдер жүктілікке темірдің қалыпты қорымен келеді. Алайда кейбір авторлар барлық екіқабат әйелдерге гестацияның ІІ және ІІІ триместрлерінде профилактика жүргізуді қолдайды. Қазіргі кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) барлық өңірлердегі жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінегі екіқабат әйелдерге тәулігіне/60 мг темір + тәулігіне/400 мкг фолий қышқылын қабылдауды ұсынады.

Акушерлер мен гинекологтардың Америкалық колледжі барлық жүкті әйелдерді қаназдыққа скринингтен өткізуді және темірі бар дәрумендік қоспаларды пренаталды профилактикалық беруді, анемия анықталғанда – темір препараттарымен адекватты терапия бастауды нұсқайды.

Қазіргі уақытта жүкті және бала емізетін әйелдердегі ТТҚА емдеу мен профилактикасы үшін Ферро-Фольгамма, Сорбифор Дурулес және Мальтофер Фол мен т.б. препараттар табысты қолданылады.

Мауекул Кашкинбаевна АИМБЕТОВА,

акушер-гинеколог дәрігер,

"№1 Қызылорда қалалық емханасы” ШЖҚ МКК

 

Сурет nebolet.com сайтынан алынды

0

Акушерлік-гинекологиялық практикадағы жұқпалы-қабынулық кеселдерКіші жамбас ағзаларының қабынулық кеселдері (КЖАҚК) бедеуліктің, эктопиялық жүктіліктің, жүктіліктің соңына жетпеуінің, ұрықтың даму ақауларының және т.б. ең жиі себебі болып табылады. КЖАҚК-нің даму тәуекелі әйелдің сексуалдық белсенділігіне және серіктесті ауыстыру жиілігіне, оның жасына, контрацепция тәсіліне, инвазивті гинекологиялық операцияларды өткізуге байланысты болып келеді. Бұл патологиямен науқастану шыңы жас әйелдерде байқалады.

Мысалы, Ресейде КЖАҚК 65%-ке дейінгі амбулаториялық гинекологиялық науқастарда және 30%-ке дейін – госпитализацияланғандарда кездеседі.

Шарт бойынша КЖАҚК – бұл эндометриттің, сальпингиттің, параметриттің, оофориттің, тубоовариалдық абсцесстердің және пельвиоперитониттің дамуына жетелеуге қабілетті эндоцервикстен жоғары өрлейтін жұқпалардың нәтижесі. Этиологиялық факторлар қатарында хламидия, гонорея, микоплазма, анаэробтар сияқты жыныс жолдары арқылы берілетін инфекция (ЖЖАБИ) қоздырғыштары бар.

КЖАҚК жеке нозологиялық форма (эндометрит, сальпингит, оофорит, тубоовариалдық абсцесс, пельвиоперитонит) түрінде де, олардың бірлесіп келуімен де білінуі мүмкін.

Сондай-ақ қабынулы кеселдерге түсік те (аборт та) ықпал етеді. Екі рет болған түсіктен кейін 100% оқиғада оның соңы жүктілікті соңына дейін жеткізбеумен, ерте босанумен, бедеулікпен аяқталатын созылмалы эндометриттің туындайтыны дәлелденген.

Қабынулық процесстің бірден басталуы сирек байқалады, шарт бойынша дерт біртіндеп, анық көрінбейтін клиникалық біліністермен дамиды, кейбір жағдайларда бірінші реттік-созылмалы ағым қалыптасады.

Көбіне кеселдің субклиникалық ағымы болады. Мұндай пациент әйелдер амбулаториялық жағдайда емделе алады, 36%-те – жеңіл немесе орташа ауыр ағым болса, тек 4%-те ауыр ағым білінеді.

КЖАҚК-ін емдеуде патогендік микрофлораны эрадикациялау, қабынудың бетін қайтару және кеш болатын асқынулардың (жамбастағы созылмалы ауырулар, эктопиялық жүктілік және бедеулік) алдын алу керек.

Бұл кездегі қабыну процесі біртіндеп ревматизмді немесе полиартритті еске салатын аутоиммундық жағдаймен асқынады. Мұнда кешенді антибактериалды, физиотерапиялық ем, проқабынулық цитокиндерді жаншитын, иммундық жүйені ынталандыратын факторларды қолдану қажет.

КЖАҚК мен ЖЖАБИ туындауында хламидиялық және гонорреялық жұқпалардың мәні ескеріле отырылып, табысты ем мен жағымды ем және оңтайлы прогноз үшін эмперикалық антибактериалды терапия кестесіне макролидті антибиотиктерді қосқан жөн.

 

 Мауекул Кашкинбаевна АИМБЕТОВА,

акушер-гинеколог дәрігер,

"№1 Қызылорда қалалық емханасы” ШЖҚ МКК

Сурет ginekol.com сайтынан алынды